13 Қаңтар, 2016

Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция басталды

370 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АСТАНА. 13 қаңтар. Қазақстанның Қарулы Күштерінде «Сыбайлас жемқорлыққа деген нөлдік шыдамдылық» акциясы басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оның негізгі мақсаты әскери қызметшілердің армиядағы кез келген сыбайлас жемқорлықтық көріністерге төзімсіздігін қалыптастыру. Акция шеңберінде әскери полиция қызметкерлері, ҚР ҚК әскери бөлімдері мен мекемелері командирлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қабылдап жатқан шаралары мен қызметіне қатысты қызықтыратын сұрақтарды қоя алады. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жұмыс жасайтын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» арнайы бөлімін айта кеткен жөн. Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа тап болған жағдайда әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелері мен өзге де азаматтар мұнда электронды өтініш бере алады. Қорғаныс министрлігіне 8 (7172) 54-19-25 сенім телефоны арқылы хабарласуға болады. Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманғы қоғамның проблемаларының бірі болып келеді. Оны шешу мақсатында еліміздің Қорғаныс министрлігі бірқатар нақты шараларды іске асыруда. Алайда, күресудің анағұрлым пәрменді әрі батымды тәсілі ол кешенді жұмыс жасау, қорғаныс ведомствосы, күштік құрылымдар, сот, құқық қорғау және арнайы органдардың жұмыла бірлескен жұмысының нәтижесінде байқалады. Бұл бағытта алғашқы қадам жасалды. Өткен жылғы қарашаның соңында Қорғаныс министрлігі, Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі меморандумға қол қойды. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ол күшіне еніп, қолданысқа енгізілді. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. ??????????????????????????????????????????????????????????
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024