13 Қаңтар, 2016

Елбасы Германия канцлеріне көңіл айту жеделхатын жолдады

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Akorda 01АСТАНА. 13 қаңтар. Мемлекет басшысы Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельге Түрік Республикасының Ыстамбұл қаласында болған террорлық акт салдарынан неміс азаматтарының қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Жеделхатта қайғылы оқиға туралы хабарды Елбасының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. «Қазақстан жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды және бүкіл халықаралық қоғамдастықтың оған қарсы күресін қолдайды», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан А.Меркельге, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Германия халқына шын ниетпен көңіл айтты. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024