13 Қаңтар, 2016

Қазақстан боксшылары Ұлттар кубогында жеті медаль алды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13.01.2016 AST-22 АСТАНА. 13 қаңтар. Сербияның Руме қаласында бокстан әйелдар арасында өткен Ұлттар кубогында Қазақстан құрама командасы жеті медальді жеңіп алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл жарыс биыл бесінші рет өтті. Оған Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығына (AIBA) мүше 34 елдің өкілдері қатысты. Соның ішінде 256 спортшы бойжеткендер, 63 боксшы жастар және 162 қыз ересектер арасында өткен жекпе-жектерде күш сынасты. Қазақстан боксшылары биылғы турнирге мамыр айында Астана қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындық есебінде қатысты. Бұл сында Қазақстаннан 17 спортшы қолғап түйістірді. Онда ересектер арасындағы жарыста   Юлдуз Маматкулова алтын жүлдені жеңіп алды. Ол финалда үнді боксшысы Рани Минаны ұтты. Күміс медалді Мәдина Нұршаева (64 кг) иеленді. Қола жүлде Назым Қызайбайға (51 кг) бұйырды. Жастар арасында өткен сында Айдана Түзенова (69 кг) күміс медалді, Лейла Құсайынова (69 кг) қола жүлдені жеңіп алды. Бойжеткендер арасында Пәкизат Серікбай (46 кг) екінші орын алса, Жәмила Болат (63 кг) үшінші орынды қанағат тұтты. Жарыстың қорытындысында жеті медаль алған отандастарымыз жалпыкомандалық есепте бесінші орынды иеленді. Бірінші орынды Ресей құрамасы жеңіп алды. Олар 14 алтын медальге ие болды. Екінші орынға төрт алтын жүлдесі бар Үндістан орналасса, ал үшінші орынға екі алтын медаль алған Қытай командасы ие болды. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: egemen.kz 13.01.2016 AST-23 13.01.2016 AST-24
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024