13 Қаңтар, 2016

Қорғаныс министр үздік армиялық спортшыларды марапаттады (фото)

314 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АСТАНА. 13 қаңтар. Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов бірқатар халықаралық жарыстарға қатысып, 2015 жылы ерекшеленген Қорғаныс министрлігі АОСК-ның армиялық спортшыларына ақшалай сертификаттар табыс етті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Бүгін біз осы жылы белді халықаралық жарыстарда жеңіске жеткен және елімізді бүкіл әлемге спортшыларды марапаттаудамыз.  Олардың арасында ведомствомыз үшін екі атаулы спорттық шара бар. Атап айтқанда, Мәскеу қаласындағы ТМД мемлекеттері достастық армияларының алғашқы әскери-спорттық ойындары және Кореяның Мунген қаласында өткен VI Дүниежүзілік жазғы армиялық ойындар бар. Оның қорытындысы бойынша армиялық спортшылар 51 медаль иеленді, оның 11-і алтын. Бұл үлкен жетістік.  Алайда, еліміз үшін бұдан да маңызды үлкен жарыстар болды. Онда біздің армияшыларымыз ғана Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиялық ойындарға бес лицензия ұтып алды. Ол – капитан Ольга Рыпакова, ефрейтор Михаил Красилов, аға сержант Біржан Жақыпов, 3-сыныпты сержант Евгений Алексеев және қызметкер Юрий Юрков. Сіздер шынымен де мақтауға лайықсыздар. Сіздерге қарап барша Қазақстанның жастары бой түзейді және сіздер арқылы нағыз армиялық спортты танып-біледі», деді Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов. Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубында халықаралық турнирлерде өздерінің көптеген жеңістерімен қазақстандық спорттың деңгейін арттырып жүрген дарынды спортшылар қызмет ететінін айта кеткен жөн. Әскери сарапшылар жауынгерлік даярлық нәтижесінің 70% жауынгерлердің дене шынықтыруына байланысты екенін ертеден-ақ мойындаған.  Сайып келгенде дене даярлығы жеке құрамның жауынгерлік қабілеттілігінің негізі болып табылады. Армиялық спортшылар Олимпиялық және Азия ойындарына, әлем чемпионаттары мен әртүрлі құрлықтық чемпионаттарға қатыса отырып, Қарулы Күштердің имиджін нығайтуға қомақты үлес қосуда. Жыл сайын ҚР ҚМ АОСК-ның спортшылары әлем, Еуропа және Азия чемпиондары мен жүлдегерлері атанып жүр. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ????????????????????????????????????
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024