13 Қаңтар, 2016

АҚШ-та екі корей баласын құлдықта ұстаған күдікті ұсталды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-01-2016-Rap USAАСТАНА. 13 қаңтар. АҚШ-та Нью-Йорк прокуратурасы үйінде ер бала мен оның туған қарындасын құл ретінде ұстаған күдікті әйелді анықтады. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Нью-Йорк тұрғыны Сук Йонг Пак Оңтүстік Кореядан келген ұл мен қызды 6 жыл бойы өз үйінде құл етіп жұмсап келген. Жергілікті прокуратураның хабарлауынша, күдікті оларды 2010 жылы Оңтүстік Кореядан алып кетіп, артынша балалардың ата-анасымен байланысты үзген. Жеткіншектердің құжаттарын тартып алып, үй жұмысына жегіп қойған. Сондай-ақ, ол балаларға дүкенде де жұмыс істетіп, еңбекақыларын өз пайдасына жаратқан. Қазір Сук Йонг Пакке «балалардың еңбегін заңсыз пайдаланып, физикалық күш көрсетті және олардың аман-саулығына нұқсан келтірді» деген айып тағылды. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: 24.kz.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024