13 Қаңтар, 2016

«ASTANA ARLANS» жартылай кәсіпқой клубы алтыншы маусымға дайын

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13.01.2016 AST-15 АСТАНА. 13 қаңтар. 18 қаңтар күні сағат 11.00-де Алматыдағы Олимпиялық даярлық орталығында «ASTANA ARLANS» жартылай кәсіпқой клубының тұсаукесер рәсімі өтеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «ASTANA ARLANS» клубы биыл Дүниежүзілік бокс сериясының кезекті жарысына осымен алтыншы рет қатысады. Бұған дейін боксшыларымыз WSB жарысының екі рет жеңімпазы атанған болатын.  Клубтың бас директоры Серік Сәпиевтің айтуынша, биылғы маусымда «ASTANA ARLANS» сапында жаңа боксшылар қолғап түйістіреді. Команданың алғашқы жекпе-жегі 23 қаңтар күні Қарағандыда Серік Сәпиевтің Бокс орталығында өтеді. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: «ASTANA ARLANS» жартылай кәсіпқой клубы. 13.01.2016 AST-16
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024