13 Қаңтар, 2016

Атырауда жыраға құлаған жылқылар қырылды

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-01-2016-atyrau 02АТЫРАУ. 13 қаңтар. Атырау облысының Исатай ауданындағы кен алаңдары аралығында қазылған жыраға құлаған бірнеше жылқы қырылып қалды. Бұл туралы ktk.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Нақтылай айтқанда, осы аудандағы Жаңаталап және С.Балғымбаев кен орындары арасында газ құбырын тарту мақсатымен ұзындығы 13 шақырым шамасындағы жыра қазылған. Алайда, 4 айда аяқталуы тиіс бұл жұмысты мердігерлікке таңдалған «Монолит Инвест» ЖШС уақытында аяқтамағанға ұқсайды. Жаңа жыл қарсаңында үздіксіз жауған қалың қар, одан кейінгі боран жыраны көрінбестей күйге түсірген. Енді міне, қалың қарда да өріс іздейтін жылқылар сол жыраға құлап, арам өлген. Мал иелерінің, яғни, Исатай ауданы тұрғындарының айтуынша, қырылған жылқыларды олар ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында берілген несиеге алыпты. Кейбірі 1-2 жылқысынан, ал тағы біреулері бір үйір жылқысынан айырылғанын айтып отыр. Олардың пікірінше, қазірдің өзінде жырадан 50 жылқының өлексесі шығарылған. Алайда, мал иелері жырада әлі де өліп жатқан малдың болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: ktk.kz.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024