13 Қаңтар, 2016

Қызылорда қаласында жаңажылдық шырша өртенді

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-01-2016-elka 01ҚЫЗЫЛОРДА. 13 қаңтар. Кеше сағат 19:40-та Қызылорда қаласындағы бас шырша өртенді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Қызылорданың орталық алаңындағы шыршаның өртеніп жатқаны жайлы хабар келіп түсті. Айта кетейін, алаңда өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері кезекшілік атқарып жатқан. Өз уақытында әрекет етудің арқасында 19:50-де өрттің таралуын тоқтатып, 19:55-те сөндірілді», – дейді Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. Аталған комитеттің мәлімдеуінше, 25 шаршы метрді өрт шалған. Бұл шыршаның жалпы ауданының шамамен 30 пайызы. Сонымен қатар, комитеттегілер шыршаның жасалған затына байланысты өрттің тез таралатынын айтты. Қазіргі уақытта шыршаны алып тастау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Өрттің неден шыққаны анықталады, алдын ала мәлімет бойынша – қысқа тұйықталудан болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері азаматтардың жарақат алмауы үшін, орынды қоршауға алды. Ешкім зардап шеккен жоқ», – дейді комитеттің ресми өкілі. Ержан Байтілес. Дерек: egemen.kz. Сурет: 24.kz.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024