13 Қаңтар, 2016

Әскери теңізшілер алғаш рет зениттік-зымырандық кешенінен оқ атты

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13.01.2016 AST-12 АСТАНА. 13 қаңтар. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері Каспий теңізінде «Орал» зениттік-артиллериялық корабльден «Арбалет К» корабльді зениттік-зымырандық кешенінен оқу атыстарын өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқ атуларға ҚР ҚК ӘТК бас штабының бастығы бірінші дәрежелі капитан Қайыргелді Есенеев, корабль командирі аға лейтенант Асқар Қапашев қатысты. Оқ атуларды өткізу кезінде артиллериялық жауынгерлік бөлім командирі лейтенант Шахрух Әбдіразақов жоғары дайындық деңгейі мен нәтиже көрсетті. «Арбалет К» шағын қашықтықты корабльді зениттік-зымырандық кешені зениттік басқарылатын зымырандарды қолдана отырып, нысананың көзбен шолып көрінуі жағдайында реактивті, турбобұрандамалы және бұрандама моторлы ұшақтар мен тікұшақтарды жою үшін арналған. Биылғы жылғы қарашаның соңында Түпқараған жауынгерлік даярлық ауданында «Қазақстан», «Орал», «Сарыарқа» зениттік-артиллериялық корабльдердің экипаждары зениттік құрылғылардан, артиллериялық қондырғыдан, ірі калибрлі оқшашардан, сондай-ақ «Жайық» гидрографиялық кемеден атыс қаруынан оқ ату практикалық артиллериялық оқ атуларды өткізді. Экипаждар қару мен техникалық құралдарды пайдалану кезіндегі өздерінің іс-қимылдарын, біртекті тактикалық топ құрамында жауынгерлік оқу-жаттығуларды өткізу кезінде күнделікті және жауынгерлік кестелер бойынша жеке құрамның іс-қимылдарын көрсетті. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: egemen.kz 13.01.2016 AST-13 13.01.2016 AST-14
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024