13 Қаңтар, 2016

Қорғаныс министрі құрмет көрсетті (фото)

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АСТАНА. 13 қаңтар. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов өткен жылдың күзінде әскери міндетін орындау кезінде қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына мемлекеттік наградалар табыстады. «Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысының арнайы Жарлығымен Отаны мен халқы алдында өз борышын орындай отырып, батылдық танытып, опат болған сарбаздар марапатталады. Бұл есімдері мәңгі жадымызда қалатын айбынды әскери қызметшілерімізді құрметтеу белгісі. Мақсатымыз медальдарды табыстау ғана емес, сонымен бірге қайғыларыңызға ортақ болу болып табылады. Әрине, анасы мен әкесіне қаза болған ұлдарын ешбір марапат қайтара алмайды. Біз оны жақсы түсінеміз.  Алайда, өзгелерге үлгі-өнеге болып табылатын сарбаздың батылдығының маңыздылығын, Отан қорғаушысының абыройын, әскери қызметшінің бейнесін ешкім жоққа шығара алмайды.  Бұл медальдар жұбаныш болып табылмайды, бірақ, мақтауға тұрарлық ұл тәрбиелеп өсірген ата-аналар үшін нағыз халықтың сый-құрметі іспетті»,  деді Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов. Қаза болғаннан кейін ұлан қатардағы жауынгері Асылжан Махамбетов, ұлан қатардағы жауынгері Замир Әділов, ұлан қатардағы жауынгері Бауыржан Жолдыбай және ұлан қатардағы жауынгері Бағытжан Қалыбай «Ерлігі үшін» медальдарын иеленді. Естеріңізге сала кетсек, қайғылы оқиға былтыр Ақтауда 18 қыркүйекте «Орталық-2015» оқу-жаттығуының 2-кезеңін өткізу кезінде орын алды. Оқу-жаттығу барысында 4 әскери қызметші суға батып кетті. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: egemen.kz 13.01.2016 AST-8 ???????????????????????????????????? 13.01.2016 AST-9jpg
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024