12 Қаңтар, 2016

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының офицерлері марапаталды (фото)

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? ӨСКЕМЕН. 12 қаңтар. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында ҚР Ұлттық ұланы құрылған күніне орай салтанатты шара өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Шара барысында әскери көліктер шеруі мен «Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасағы жауынгерлерінің қару жарақтар көрмесі өтті. Шеру концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, салтанатты жиында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Бауыржан Әбжанов үздік офицерлерді марапаттады. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы құрылған уақыттан бастап, үлкен тарихи кезеңнен өтті. Осы аралықта әскери қызмет бірнеше тармаққа бөлініп, жаңалану үстінде. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап, отбасыларыныңға бақыт, қызметте табыс тілеймін», деді Бауыржан Әбжанов. Сонымен қатар, қолбасшының бірінші орынбасары Омарқұл Абеккев Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы төсбелгімен марапатталды. Айта кеткен абзал, 1992 жылы 10 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің Ішкі әскерлері құрылды. Ал 2013 жылы ҚР Ішкі әскерінің атауы Ұлттық ұлан болып өзгертілді. Думан Анаш. Дерек, сурет: egemen.kz ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ????????????????????????????????????
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024