12 Қаңтар, 2016

Шығыс өңірінде «Денсаулық пойызы» жолға шықты

287 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
12.01.2016 OSM-3 ӨСКЕМЕН. 12 қаңтар. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Денсаулық пойызы» Шығыс Қазақстан облысының бірқатар қалалары мен аудандарын аралап, халыққа тегін медициналық қызмет көрсетпек. Бұл туралы еgemen.kz тілшісі хабарлады. «Өскемен-1» темір жол вокзалынан жолға шыққан пойыз өңірдің қалалары мен аудандарында 14 аялдамаға тоқтайды. Кәсіби білікті дәрігерлер тұрғындарды тегін медициналық тексеруден өткізіп, емдік курстарын белгілеп береді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның арнайы құрамы Риддер, Серебрянск, Зырянск, Аягөз қалаларының вокзалдарына және 4 станса мен 1 разъезге тоқтауды жоспарлаған. Құрамында кардиолог, невропотолог, эндокринолог, хирург, көз дәрігері бар команда қазір Риддер қаласының тұрғындарына консультативтік-диагностикалық көмек көрсетуде. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен құралған ақпараттық топ «Сәтті реформа – ұлт бірлігіне жол» ұранымен жергілікті тұрғындарды Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы мен Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам бағдарламасын жүзеге асыру туралы ақпараттық-насихаттық кездесулер өткізбек. «Бүгін жергілікті атқарушы органдармен және нұротандықтармен бірге Елбасы Жолдауын түсіндіру, Президент мақаласында тағы бір мәрте сараланған 100 нақты қадамды насихаттау мақсатында «Денсаулық пойызы» ұйымдастырылып отыр. Сонымен бірге ақпараттық-насихаттық топ өкілдері «ҚТЖ» ұжымымен жүздеседі. Одан өзге, бұл пойызда білікті дәрігерлер бар. Олар «Ұлт денсаулығы» атты сайлауалды платформаны жүзеге асыру бағытында алыстағы ауылдар мен ұсақ елді-мекендердің тұрғындарына қызмет көрсетеді», деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ольга Булавкина. Думан Анаш. Дерек, сурет: egemen.kz
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024