12 Қаңтар, 2016

Өскемен қаласы балабақшамен толық қамтылды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12.01.2016 OSM-2 ӨСКЕМЕН. 12 желтоқсан. Өскемен қаласы мектепке дейінгі мекемелермен және балабақшамен 100 пайыз қамтылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазіргі кезде облыс орталығында балаларды тәриелеу мен оқытуға арналған 49 мектепке дейінгі мекеме мен балбақша бар. Онда 20781 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, 49 мекеменің ішінде 35-і мемлекеттік меншікке тиесілі. Мектепке дейінгі мекемелерде 3 жастан 6 жасқа дейінгі 14004 бала тәрбиеленіп жатыр. 2015 жылы мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде 100 орындық «Ер-Таң», 350 орындық «Алтын бесік» және 75 орындық «Аружан-1» сынды жеке меншік балабақшаларға 525 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы берілді. Нәтижесінде, балаларды мектепке дейінгі бағдарламамен қамту 3 жастан 6 жасқа дейінгі барлық балаларға шаққанда 100 пайызды қамтыды. Думан Анаш. Дерек, сурет: egemen.kz
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024