12 Қаңтар, 2016

Атырау дәрігерлері пойыз астына түскен адамның аяғын кесті

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-01-2016-atyrau 01АТЫРАУ. 12 қаңтар. Атырау облысының Мақат стансасында жүріп бара жатқан жүк пойызына жармасқан адам оның астына түсіп, екі аяғынан айырылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқыс оқиға 10 қаңтарда түн ортасында болған. Жүріп бара жатқан жүк пойызын жолаушылар пойызымен шатастырды ма, әлде басқалай себебі бар ма, әйтеуір оған мінуге жармасқан сәтте оның астына түсіп кеткен. Әрине, перронда қатқан мұз да жолаушының тайып жығылуына басты себеп ретінде қарастырылып отыр. Бір өкінішті сол, пойыз астына түскен адам аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлерге ота барысында екі аяғын да кесуден басқа амал қалмады. Бұл азаматтың Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы екені де анықталды. Ол қамал алатын 40 жаста екен. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: 360tv.ru.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024