12 Қаңтар, 2016

Павлодарда қолөнер шебері Әбу Дабиден олжамен оралды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-01-2016-Maisa 1ПАВЛОДАР. 12 қаңтар. Павлодардағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің оқытушысы Майса Ықылас Әбу Дабиде өткен қолөнер шеберлерінің көрмесінен олжамен оралды. Бұл туралы униерситеттің баспсаөз қызметі хабарлады. 2009 жылдан бері жылына бір рет өтіп тұратын халықаралық көрмеге Сауд Арабиясы, Мысыр, Оман, Марокко, Бахрейн, Босния, Ауғаныстан және ең алғаш рет біздің еліміздің қолөнершілері қатысты. Майса Ықылас Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің оқытушысы, «Сәулет және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы, қолөнер шебері, суретші, еліміздің Суретшілер одағының мүшесі. Фестиваль елдер арасында мәдени ынтымақтастықты нығайтуды, біріккен Араб әмірліктері халқын өзге елдер ұлттық-мәдени құндылықтарымен таныстыру мақсатын көздеді. Майса фестивальге дәстүрлік ежелгі қазақ техникасымен жасалған киіз суреттерді, сондай-ақ текемет және киізден жасалған кәдесыйларды апарды. Қазақтың қолөнерін Ұлы дала елінің өнерімен таныстырды. Фестиваль қорытындысында Біріккен Араб Әмірлігіндегі Қазақстанның елшісі Қайрат Лама Шариф Халифа бен Заид Аль Нахаян шейхының қайырымдылық қоры атынан Майса Ықласоваға алғыс хат пен сертификат табыс етілді. Фарида Бықай. Дерек, сурет: С.Торайғыров атындағы университеттің баспасөз қызметі. 12-01-2016-Maisa 2
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024