12 Қаңтар, 2016

Аралас типтегі емханалар халықтың наразылығын тудыруда

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-01-2016-poliklinika 01АСТАНА. 12 қаңтар. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде аралас типтегі емханаларды құру идеясына түсіндірме берілді. Бұл туралы tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Өйткені, аралас типтегі емханаларды енгізу реформасы қазақстандықтардың наразылығын тудыруда. Көпшілігі жалпы тәжірибесі бар дәрігерлер жоғары деңгейде көмек көрсете алмайды деп алаңдап отыр. Осы мәселе жөнінде шоумен Нұртас Адамбаев әлеуметтік желідегі парақшасына: «Балаларымызға қате диагноз қоятын кезді күтудің не қажеті бар? Қазірдің өзінде кейбіреулер кішкентай сәбиімен туберкулез сынды қатерлі аурулармен ауратын науқастармен бірге кезекте тұруға мәжбүр болғанын жазуда. Ең болмаса өміріміз үшін аса маңызы бар осындай жайтқа келгенде өзіміздің және балаларымыздың құқығын қорғауда белсенділік танытқанымыз жөн шығар», – деп пікір білдірген. Сонымен қатар, Instagram әлеуметтік желісінде Қазақстанда педиатр бөлімін сақтап қалу үшін арнайы флешмоб пайда болды. Атап айтқанда, ата-аналар қысқа видео түсіріп, дені сау ұрпақ үшін екендіктерін білдіруде. Одан бөлек, қазақстандықтар балалар мен үлкендерге арналған емханаларды біріктіруді тоқтатуға өтініш ретінде қол жинауға кірісті. Еламан Қоңыр. Дерек: tengrinews.kz. Сурет: bobr.by.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024