12 Қаңтар, 2016

Қарулы Күштердің мұражайы Жеңіс Туымен толықты (фото)

304 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
12.01.2016 AST-15 АСТАНА. 12 қаңтар. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайы бағалы жәдігермен толықты.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Мұражай қорына 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының басты жәдігері – Жеңіс Туының көшірмесі берілді. Жеңіс Туының көшірмесін Мәскеуде өткен ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысында РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовке тапсырған болатын. «Батырымыз, ұрпағымыз Рақымжан Қошқарбаев тіккен Жеңіс Туының көшірмесі мұражайға тапсырылды. Балаларымыз, болашағымыз үшін бұл ұрпақтарымыздың жетістіктері мен олардың қандай батыл болғандары туралы естеліктің нышаны болмақ», - деді ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Мұхамеджан Таласов. Соғыс алаңында қасқайып тұрып шайқасқан ата-бабаларымыздың батылдығы біте қайнасқан еліміз, қазақстандық армияның тарихы үшін Тудың шежірелі мәні өте зор.  Енді жәдігер Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайында лайықты орын табады. Ол кеңес халқының, оның адамгершілік және моральдық рухының қуаттылығы мен мызғымастығының жарқын символы ретінде ҰОС арналған экспозицияда орналастырылады, сондай-ақ өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруде пайдаланылады. «Соғыс сұрапыл болды. Миллиондаған адамның өмірін қиды. Бұл туды Мәскеуден бастап сонау Берлинге дейін жауынгерлеріміз соғыс майданынан алып өтіп, фашистік Германияның туын тікті. Бұл тумен жауынгерлеріміз өмірін қиып, айқасқа аттанды және өздерінің әскери борышын атқарды. Жеңіс Туы – жеңіске қол жеткізгеніміздің нышаны іспетті», деп ағынан жарылды Ұлы Отан соғысына қатысушы Олег Линик. Туды табыс ету бойынша ресми іс-шараға Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысының ардагерлері, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ, 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатысты. Қазірде ҚР ҚК Әскери-тарихи мұражайының қорында 6 000-ға жуық жәдігер бар екенін және толықтырылып жатқанын атап өткен жөн.  Еліміздің түкпір-түкпірінен әртүрлі адамдар, көне заманнан бастап қазіргі күнге дейін тәуелсіз Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы кезеңдерінен сыр шертетін тарихи құндылығы бар бағалы заттарды мұражайға тапсыруда. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. 12.01.2016 AST-16 12.01.2016 AST-17 12.01.2016 AST-18 12.01.2016 AST-19
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024