12 Қаңтар, 2016

Аэроұтқыр әскерлерінде Спартакиада басталды (фото)

424 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
12.01.2016 AST-11 АСТАНА. 12 қаңтар. Алматы облысының 12740 әскери бөлімінің базасында Аэроұтқыр әскерлерінің XIII Спартакиадасының қысқы кезеңі басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сайысқа қатысуға Қазақстан Аэроұтқыр әскерлерінің барлық әскери бөлімдерінен әскери қызметшілердің командасынан құралған 200-ге жуық адам тартылды. Жарыс 4 чемпионатты қамтиды. Президенттік көпсайыс – пневматикалық винтовкадан оқ ату, одан кейін ерлер үшін белтемірге тартылу және әйелдер үшін ішті қатайтуға арналған жаттығу,  3,5 және 10 шақырымға шаңғы жарысы. Екінші чемпионат – партульдердің командалық жарысы. Бұл додаға әр командадан 4 адамнан қатысады. Қатысушылар атыс шептерінде нысаналар бойынша жол бойында оқ атып, 10 шақырымдық қашықтықты еңсереді. Әрі қарай Спартакиада бағдарламасында бес салмақтық санаттағы гір екі сайысы және 60. 65, 70, 75, 80, 90 килоға дейінгі салмақта армспорттан сайыс. Спартакиада 15 қаңтарға дейін созылады.  Бірінші күні қатысушылар салмақты айқындау үшін таразыға өлшенді, Спартакиаданың өткізілу бағдарламасымен танысты. ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасында атап өткендей, жүлделі орын алған әскери қызметшілер грамоталар және бағалық сыйлықтармен марапатталып, ҚР Қарулы Күштерінің сайыстарына қатысу үшін Аэроұтқыр әскерлерінің құрама командасының құрамына кіру мүмкіндігіне ие болады. Аэроұтқыр әскерлерінің Спартакиадасы – бұл жыл сайын ең белсенді, мықты әскери қызметші десантшылардың басын біріктіретін ауқымды дода. Жыл сайын жарысқа қатысушылардың шеберлігі артуда, оқу-спорттық және әдістемелік база жетілдірілуде. Нәтижесінде мұның барлығы әскери қызметшілердің жалпы дене және жауынгерлік даярлығына, демек, жалпы алғанда, Аэроұтқыр әскерлерінің әзірлігіне оңтайлы ықпал етеді. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. 12.01.2016 AST-12 12.01.2016 AST-13 12.01.2016 AST-14
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024