12 Қаңтар, 2016

«Шахтердің» футболшысы шаңырақ көтермекші

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-01-2016-FutboolistҚАРАҒАНДЫ. 12 қаңтар. «Өзбек байыса там салады...» деген. Ал қарағандылық «Шахтер» футбол клубының ойыншысы, болгариялық легионер Пламен Димов үйленбекші. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Демек, Димовтың «Шахтерден» алып жүрген жалақысы жаман болмағаны ғой! Футболшы Благовеста Цакова есімді бойжеткенге өзінің сезімін жаңа жылдың түнінде жеткізіпті. Сағат тілі түнгі 12-ні көрсетіп, айнала тарсылдап отшашулар атылып жатқанда ол қалыңдығының алдына тізерлей отыра қалып, «екі жарты бір бүтін» болсақ деген ұсынысын айтқан. Жиырманың бесеуіндегі Пламен Димов өткен маусымды «Қайсар» командасының құрамында бастаған болатын. Екі ойынға қатысып, бір голдың авторы атанған. Ал жазға салым футболшы «Шахтерді» таңдап, клубпен келісімшартқа отырды. Команда құрамында 10 рет жасыл алаңға шығып, екі гол соққан. Футболшының таңдаған қалыңдығы 24 жастағы Благовеста Цакова өз елінде биші, модель, киноактриса («Конан-варвар» фильмінде эпизодтық рөлді сомдаған) ретінде танымал. Ал, шындап келгенде, ару қыздың «атағы» болгарлық «Плейбой», «Максима» журналдарында, сондай-ақ неміс «Плейбойының» эротикалық күнтізбесінде түскен ашық-шашық суреттерімен шыққан. Жас келіннің Қарағандыда тұрар-тұрмасы белгісіз. Бірақ та Димов осы жақта доп теуіп жүрер болса, түбі бір ат шалдырары анық... Қайрат Әбілдинов. Дерек: egemen.kz. Сурет: newstaraz.kz.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024