12 Қаңтар, 2016

Жаңаөзенде полиция инспекторына үкім шықты

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-01-2016-aktau 01АҚТАУ. 12 қаңтар. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында полиция инспекторына үкім шықты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сотында қалалық ішкі істер басқармасы әкімшілік полиция бөлімі қаруға лицензиялық рұқсат ету тобының инспекторына қатысты қылмыстық іс қаралды. Белгілі болған деректерге қарағанда, 2013 жылы 6 желтоқсанда аталмыш лауазымға тағайындалған полиция инспекторы осы топта қызмет атқарған кезде аңшылық және басқа қаруларды заңсыз сақтап тіркеуден шығармай сатқан. Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің арнайы іс-шараларын жүргізу барысында аталған дерек анықталып, айғақ зат болып табылатын қарулар алынған. Сондай-ақ, сотта сотталушы кінәсін толық мойындаған. Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 2-бөлігімен (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 1 жыл бас бостандығынан шектеу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айыру жазасы тағайындалды. Дереккөздің хабаралуынша, үкім заңды күшіне енбеген. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі. Сурет: oren1.ru.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024