12 Қаңтар, 2016

Ақтөбеде фитнес-клуб өртенді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-01-2016-wordklas 01АҚТӨБЕ. 12 қаңтар. Ақтөбе қаласындағы ірі фитнес-клубтардың бірінде өрт шықты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы таратқан мәлімдемеде: «2016 жылдың 10 қаңтарында сағат 11:52-де өрт сөндіру қызметі байланыс бөлімінің орталық пунктіне Ақтөбе қаласының орталығында орналасқан «WorldClass» фитнес-клубындағы саунаның өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті», – делінген. Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 4 минуттың ішінде келіп жеткен. Өрт сөндірушілер тарапынан жүргізілген барлау барысында өрттің фитнес-клуб саунасының бу бөлмесінен шыққаны анықталды. Қызыл жалын сағат 12:13-те толық сөндірілді. Өртің жалпы көлемі 4 шаршы метр ауданды алды. Ғимарат ішін қою қара түтін басқандықтан, барлығы 38 адам (30 қызметкер, 8 келуші) сыртқа шығарылған. Өрттің салдарынан зардап шеккендер болған жоқ. Айта кетейік, өртті сөндіру жұмыстарына барлығы 14 негізгі және 3 арнайы техника, жеке құрамнан 40 адам жұмылдырылды. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024