11 Қаңтар, 2016

Солтүстік Қазақстанда шетел азаматы 100 кило есірткімен ұсталды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
????????????????????????????????????????????????????????? ПЕТРОПАВЛ. 11 қаңтар.  Тәртіп сақшылары «Isuzu Ascender» жеңіл көлігін тексеру кезінде өсімдіктектес зат салынған үш сөмкені кезіктірді. Сот-медициналық сараптама сөмке ішіндегі зат кептірілген марихуана екенін анықтады. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Қырғыз Республикасының 46 жастағы азаматы облыс орталығындағы Интернационал және Астана көшелерінің қиылысында бейнекамера арқылы құрықталды. 100 кило контрабандалық жүк  есірткі заттары болып шықты. Қазір шетелдік азамат тергеу оқшаулағышына қамалып, есірткі заттарының қайдан және қандай мақсатпен әкелінгеніне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Есірткі тасушының кінәсі дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал. «Былтыр 320 килограмнан астам есірткі тәркіленіп, 334 қылмыстың беті ашылды», дейді баспасөз қызметінің инспекторы Юрий Клыков. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024