11 Қаңтар, 2016

Бүгін 2015 жылдың ең үздік футболшысы анықталады

389 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
11-01-2016-altyn dop 01АСТАНА. 11 қаңтар. Бүгін Швейцарияның Цюрих қаласында Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) дәстүрлі гала-кеші өтеді. Онда 2015 жылдың ең үздік футболшысы анықталып, оған «Алтын доп» табыс етіледі. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Алтын доптан» басты үш үміткер – Испанияның «Барселонасы» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси, аталған клуб пен Бразилия құрамасының ойыншысы Неймар және Португалия құрамасы мен Испанияның «Реал Мадрид» командасының жарық жұлдызы Криштиану Роналду. Бүгін кеште осы үш ойыншының бірі аталған сыйлықтың иегері атанады. Осы ретте, Месси мен Роналдудың бұған дейін «Алтын допты» алғанын атап өткен жөн. Нақты айтқанда, Месси қатарынан төрт рет, яғни, 2009, 2010, 2011 және 2012 жылдары әлемнің ең үздік ойыншысы атанса, Роналду 2008, 2013 және 2014 жылдардың үздігі болды. Ал Неймар үздік үш үміткердің қатарына алғаш рет қосылып отыр. Сонымен қатар, бүгінгі кеште «жыл жаттықтырушысы», «үздік әйелдер футболының жаттықтырушысы» сынды аталымдар бойынша үздіктер марапатталып, ең әдемі соғылған голдың авторына берілетін Ференц Пушкаш сыйлығы мен адал ойын үшін тағайындалған «фэйр-плей» сыйлықтарының иегерлері белгілі болады. Айта кетейік, «Алтын допты» тапсыру үрдісін алғаш рет 1956 жылы France Football журналы ұйымдастырды. Бастапқыда аталған сыйлық тек Еуропаның үздік ойыншысына беріліп келді. Ал ФИФА 1991 жылдан бастап жылдың үздік ойыншысына өз сыйлығын тағайындады. Осыдан 6 жыл бұрын екі жүлдені біріктіру туралы шешім шықты. Сол 2010 жылдан бастап жаңадан тағайындалған «Алтын допты» тек Месси мен Роналду кезектесіп алып келе жатқанын назарға алған жөн. Жылдың ең үздік ойыншысы барлық ұлттық құрамалардың бас жаттықтырушылары мен капитандарының және журналистердің дауыс беруі арқылы анықталады. Бүгінгі гала-кеш Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: eurosport.ru.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024