11 Қаңтар, 2016

Қазақстан даму банкі автокөлік өндірісіне 11 млрд. теңге бөледі

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11.01.2016 AST-30 АСТАНА. 11 қаңтар. «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты аясында «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Ұлттық қор қаражаты есебінен қазақстандық көлік құрастыру кәсіпорындарын қолдауға 11 млрд теңге бөледі. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл қаражат адамдарға Қазақстанда құрастырылған автокөліктерді сатып алуға несие беруі үшін төрт коммерциялық банкке бағытталды. Азаматтар көлікті несие арқылы мынадай шартпен сатып алады. Яғни, несие ең көбі 5 жылға теңгемен беріледі. Ең қымбат автокөлік 9 000 000 теңге тұрады. Автонесиелер тізбесі Экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссиясымен бекітілген «Қазақстан Халық банкі» АҚ (3 млрд теңге),  «Еуразиялық Банк» АҚ (3 млрд теңге), «Сбербанк России» АҚ ЕБ (3 млрд теңге), «Банк Центр Кредит» АҚ (2 млрд теңге). банктер арқылы беріледі. Қарыз алушыларға «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорындарында құрастырылатын «Kia», «Toyota», «Chevrolet», «Skoda», «Hyundai» және басқа да көліктектердің 37 моделі ұсынылады. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: egemen.kz
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024