11 Қаңтар, 2016

Павлодарда оқушылардың облыстық пән олимпиадасы өтуде (фото)

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
 ПАВЛОДАР. 11 қаңтар. Облыстық білім беру басқармасы, «Ертіс дарыны» орталығы өңіріміздегі жоғарғы оқу орындары Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университетте, педагогикалық институтта, ИнЕУ-дің ғылыми әдістемелік көмегімен жыл сайынғы оқушылардың облыстық пән олимпиадасын өткізуде. Бұл туралы «Ертіс дарыны» орталығына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Олимпиада орта мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында 15 жалпы білім беру пәндері бойынша сынақ тапсырады. Биылғы оқу жылында облыстық пән олимпиадасына 707 оқушы қатысуда. Облыстық пән олимпиадасына 3 қаладан, 10 ауданнан және дарынды балаларға арналған мамандандырылған 12 мектеп командалары, барлығы 25 команда бар. Құрамы бойынша саны жағынан ең үлкен командалар – «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі, облыс орталығы мектептерінің құрамасы.Аудандар арасында-Баянауыл, Павлодар аудандарының командалары. Олимпиаданың ең көп қатысушылары бар пәндер - ағылшын тілі-79 оқушы, Қазақстан тарихы пәнінен - 70 оқушы және биология пәнінен - 67 оқушы. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Сурет: «Ертіс дарыны» орталығы. 11-01-2016-Olimpiada 2
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024