11 Қаңтар, 2016

Англияда су тасқынынан зардап шеккендерге 1,9 млрд. доллар төленеді

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11-01-2016-england 01АСТАНА. 11 қаңтар. Англияда жаңа жыл қарсаңында болған су тасқыны мен дауыл желден келген шығын көлемі 1,3 миллиард фунт стерлингті (1,9 миллиард доллар) құрады. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Желтоқсан айының ортасынан қаңтар айының басына дейін болған табиғат апатынан тұрғын үйлер, қалалық коммуникация орталығы мен жеке кәсіпорын ғимараттары зардап шекті. Осы уақыт аралығында құтқару жұмыстарына 500 әскери қызметкер жұмылдырылды. Сондай-ақ, қосалқы құрамда бір мыңнан астам сарбаз болды. Табиғат апаты әсіресе, Ланкашир мен Батыс Йоркшир графтықтарына зиянын тигізді. Полиция қызметкерлері су тасқынынан тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруге мәжбүр болды. Ал мыңдаған отбасы бірнеше күн жарықсыз қалды. Айта кетейік, Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон осыған байланысты биліктің арнайы 2,3 миллиард фунт стерлинг  (3,4 миллиард доллар) бөлетінін мәлімдеген. Қазіргі кезде 3 мыңнан астам адам үйлерін күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігіне байланысты уақытша баспана іздеуде. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: metro.co.uk.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024