30 Шілде, 2010

Өндіріс өркені

489 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Алматылық “Аврора-Агро” жы­лыжай жүйесін ұлғайтып жатыр. Алматы облысы, Қарасай ауда­нындағы Елтай ауылындағы “Ав­рора-Агро” шаруа қожалығы 7 гек­тар жерге орналасқан жылы­жай­­ларында қияр мен қызанақ, сондай-ақ раушан гүлдерін өсіруде. Қазір қожалық алып жатқан алқаптың оң жағына әрқайсысы-ның көлемі 30х10 метрлік қырық жылыжай орна­ласса, сол жақ қапталында бірне­ше бөліктен тұ­ратын аса ауқым­ды жылыжайдың құрылысы жүргізілуде. Жұмыс істеп тұрған жылыжайларда бағасы қымбаттығы­на қарамастан өзіне салынған қара­жатты ақтап тұрған түркиялық тех­нология мен жарғақ пайдаланылса, жаңадан салынып жатқандардағы жұмыс ресейлік технология бойын­ша жүзеге асы­рылуда. Сонымен бірге, бірнеше жылғы тәжірибе барысында өзін­дік технология да ойлап шыға­рылып, қолданылуда. Мұнда, басты назар мен күш эколо­гиялық жағынан таза әрі сапалы көкөністер өсіруге аударылады. Батыс Қазақстанда республика бюджетінен құйылған инвестиция көбеюде. Биылғы бірінші жарты­жылдықта республикалық бюджет есебінен құйылған инвестиция көлемі 8,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылғыдан 2,4 есеге өсті. Аталмыш қаржы Орал қа­ласында ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана, Зеленов ауданы, Переметный ауылында 120 төсектік аурухана, Теректінің Ақжайығында 100 төсектік ауруха­наны іске қосуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында ауысы­мына 250 адам қабылдайтын емхана, Оралда 200 төсектік балалар ауруханасы, Қаратөбе, Тасқала аудандары ор­талық­тарында 100 орындық ин­тер­­на­тымен қоса 300 орындық мек­теп ғимараттары және басқа маңызды нысандар да құрылысы жалғасуда. Петропавлда 5 инвестициялық жо­ба жүзеге асады. 2010-2020 жыл­дарға арналған үдемелі индустрия­лық-инновациялық даму бағдарла­масының аясында орындалатын бұл нысандардың қатарында мәшине құрылысы саласындағы үш жоба, агро­өнеркәсіптік кешен мен ауыл шаруашылығы саласын­да бір жоба және құрылыс индус­триясы мен құрылыс материал­дарын шығаруда бір жоба бар. “ЗИКСТО” АҚ-та перспек­ти­ва­лық және арнайы темір жол плат­формасын жасап шығару және оны пайдалануға беру жо­басы іске асып жатыр. Жобаның жалпы құ­ны 108 млн. 400 мың теңге. Ішкі ры­нокқа шығару үшін 300 арнайы платформа дайындап шығару жос­парланып отыр. Қазіргі таңда сер­ти­фикациялық сынақтан өту үшін Санкт-Петербург қаласына жіберіл­ген тәжірибелік үлгі дайындалды. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  үдемелі индус­триялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында бес жыл ішінде 27,4 миллиард теңгенің 13 инвестициялық жобасын жүзеге асыру көзделген. “Егемен-ақпарат”.