30 Шілде, 2010

Жаңа...

403 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
...ЕЛДІ МЕКЕН АТАУЛАРЫ Мың өліп, мың тірілген хал­қы­мыздың тілі мен дінін, дәстү­рін сақтаудағы ерен істері атап айтуға тұрарлық. Тіл – халқы­мыз­дың тарихы, өркениет пен мә­дениетіміздің мәйегі. Сон­дықтан да өңірдегі бір кездері себепсіз тарихи атауларынан айырылған селолық округ айма­ғын­дағы елді мекендер жаңа атауларға ие болып, жұрт­шылықтың мерейін өсірді. “Қазақстан Республи­ка­сы­ның әкімшілік-аумақтық құры­лымы туралы” Заңына сәйкес облыс әкімдігінің қаулысы мен облыстық мәслихаттың шешімі бойынша Ақсу ауданындағы Қызыл ту ауылының атауы Бар­лы­бек Сырттанов, Алакөл ауда­нының Герасимовка ауылдық округі Сапақ селолық округі, Еңбекшіқазақ ауданындағы Крас­ный Восток ауылының атауы Өрікті, осы ауданның Октябрь селолық округінің атауы Бартоғай, Көктөбе селолық ок­ругіне қарасты Совет ауылының атауы Қызылжар ауылы болып өзгертілді. Осылайша ана тіліміздің мәр­тебесі мен ұлттық рухымыз асқақтап, елдігіміздің ертеңіне деген берік сенім қалыптасқанын көпшілік ризашылықпен қа­былдады. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы. ...ЖАҒАЖАЙ САЛЫНУДА Сырдария ауданының орта­лы­ғы Тереңөзек кенті жыл өткен сайын көріктеніп, тұрғындардың дем алуына мүмкіндігінше жағдай жасалып келеді. Соның айқын бір айғағы, күні кеше тағы бір демалыс орны ғима­ра­ты­ның іргетасы қаланды. Яғни, орталық стадион жанындағы алаң­қайға жағажай салу жұмыс­тары бастау алды. Жалпы, көлемі 1,5 гектарға жуық алқапты алатын бұл жаға­жай кент тұрғындарының бос уақытында дем алуына барлық жағдай жасайтын орын болмақ. Мұнда суда шомылу ғана емес, күнге қыздырынуға, серуендеуге, тамақтануға, түрлі спорттық ойын шараларына қатысуға мүм­кіндік жасалмақ. Жаңа жағажай­дың суы Сырдария өзенінің “Әйтек” каналы арқылы жаңар­тылып тұрады. Жағажай құрылысын “Дәне­кер” ЖШС-і қарқынды да, сапалы жүргізуде. Еркін ӘБІЛ. Қызылорда облысы, Сырдария ауданы. ...ФУТБОЛ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Саламатты өмір салты, дене шынықтыру, спортпен айналысу, денсаулықты шыңдау ауыл мен қалада жасөспірімдер мен жастар арасындағы басты тәрбиелік мақсатқа айналды. Бұл жайында Елбасы Жолдауында да нақты айтылды. Жуырда Қашыр ауда­ны­ның орталығы Тереңкөл ауы­лында мини-футбол ойынына арналған жасанды спорттық алаң ашылды. Футболдан өткен әлем чемпионаты тереңкөлдік жас­тар­ға серпін беріп, футболға деген қызығушылық­тарын арттырған болса керек. Алаң жай алаң емес, оған син­тетикалық жасыл газон тө­селген, доп қуып, еркін жүгіруге лайық. Ауыл жастары үшін бос уақыттарында дене шынықты­рып, футбол ойнауға жақсы бол­ды. Командалар арнайы киім­дер­мен қамтамасыз етілген. Аудан жастары үшін жақсы бір жаңа­лық болған жаңа спорттық алаң­ның ашылу салтанатына арнап спорттық шаралар ұйымдасты­рыл­ды. Сол күні, Тереңкөл және Бесжан ауылдарының футбол ко­мандалары өзара кездесіп, алғашқы ойындарын да өткізді. Фарида БЫҚАЙ. ПАВЛОДАР.