30 Шілде, 2010

Жиембет жырау атына көше берілді

552 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
“Орбұлақ шайқасындағы” ата-баба ерлігі еш ұмытылмас. Есім хан тұсында қалмақтармен болған соғыстарда (1620-1638 жылдары) Жиембет бастаған батырлар үлкен жеңіске жетеді. Тарихымыздан белгілі, Есім ханның әскер басшысы, сазгер-жыршы Жиембет Біртоғашұлы осы соғыста ерен ерлік көрсеткен. Қолдағы бар деректерге жүгінсек, Қарасай батыр қолға түсіп қалғанда Жиембет пен Алатау батырлар оны асқан ерлікпен құтқарған көрінеді. Міне, сол тарихи тұлға – Жиембет жырау есімімен Астананың экономикалық аймағында бір көше аталатын болды. Астана көшесіне Жиембет есімінің бұйыруына қалалық  тіл қоғамы мен қалалық мәслихаттың депутаттары мұрындық болды. Табыл ҚҰЛЫЯС.
Соңғы жаңалықтар

Шайдоров әлемдік БАҚ назарында

Олимпиада • Бүгін, 12:06