30 Шілде, 2010

Әлеуметтік қорғау – баршаға ортақ

456 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қарағандыда Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау министр­лі­гі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдардамасының “Мүгедек­тер­дің құқықтары  туралы БҰҰ кон­венциясы шеңберінде мүм­кін­дігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және арнаулы қызмет көрсету жүйесін да­мыту” атты бірлескен жобасы ая­сында Мүмкіндігі шектеулі азамат­тардың құқықтарын қамтамасыз ету, өмір сүру сапасын жақсарту  жөніндегі  ұзақ мерзімді перспек­ти­ваға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы мен Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы  үйлестіру кеңесінің  бірлескен отырысы, сондай-ақ “Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылу мәселелері талқылан­ған кеңес өтті. Оны Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау  министрі Гүлшара Әбдіқалықова ашып, жүргізді. Сөз орайында аталып өткендей, жұмыс тобы мен үйлестіру  кеңесінің не­гіз­гі міндеттері мүгедектерді  әлеу­меттік қорғау мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бірлестік­тердің мүгедектерді әлеуметтік қор­ғауды қамтамасыз ету, оларға өмір сүруге және қоғамға  кірігуге тең жағ­дай жасауда өзара қарым-қатынасты қалыптастыру  болып табылады. Бүгінде Қазақстандағы барлық санаттағы мүгедектердің саны 485,4 мың адамнан астам немесе халық­тың 3 пайызын құрайды. 2008 жыл­дың желтоқсан айында еліміз  “Мүгедектердің құқықтары туралы” конвенцияға қол қойды. Мүгедек адамдардың құқықтарын қорғауға, оларды әлеуметтік кіріктіруге бағытталған іс-шаралар қазір белең алып келеді. Әзірленіп жатқан Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған ұлттық іс-қимылдар жоспары елімізге Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясын рати­фи­кациялау жолдары мен үдеріс мер­зімін анықтауға мүмкіндік береді. Кеңесте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақ­тау, Білім және ғылым, Қаржы ви­це-министрлерінің есептері тың­дал­ды. Үкіметтік емес ұйымдар же­текшілері өз ой-пікірлерін ортаға салды. Осы алқалы жиынға қатысушы­лар Қарағандыдағы балалар жүйке-неврологиялық жұмысымен, оңал­ды­ру құрал-жабдықтары көрмесі­мен танысты. Мүгедектерге қызмет көрсету бойынша тәжірибе алма­сылды. Тиісті қаулылар қабылда­нып, нақты тапсырмалар белгіленді. Айқын НЕСІПБАЙ. ҚАРАҒАНДЫ.