28 Шілде, 2010

Мұхаң мен Сәбең

1230 рет
көрсетілді
46 мин
оқу үшін
Ауызекі сөзде дабырасы көп, солай болған екен, бүй депті, сүй депті деген ыбыр-сыбыры мол, ұзақ уақыт әдеби ауанға, тіпті пенделік ниетке түрткі салып, мұхтаршыл, сәбитшіл топтың пайда болуына себепші болған айрықша мәнді қарым-қатынастың сырын ашуға бел байлап отырмын. Мұндай тақырыпқа барудың оңай еместігі қазір кейбіреулерге қисынсыз да болып көрінер. Алайда, өмір сыбағасын орнына қою мақсатын көздесек шындықтың удай ащылығына қарамай ашық айтатын заман келді. Оны жасамасаң әдейі бұрмаланған, саналы түрде берекесі қашырылған өмір шындығын біле алмай қателікке ұрынамыз. Мен бұл мәселені әңгімелегенде өзімнің дерекке, құжатқа сүйенетін әдетіме бақпақпын. Ұлылардың ет жа­қы­ны болмасам да біраз уақыт қас­тарында болып, ақылдарын тыңдаған, іс-әрекеттерін көзбен көрген кек­селігімді де аңғартпақпын. Қазақ әдебиеті мен ғылымы та­рихында Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұ­қанов екеуінің арасындағыдай шие­леніскен қарым-қатынас басқаларда жоқ десе де болады. Қайсыбіреулердікі ке­зеңдік дыз етпе болып, ертеңіне ұмы­тылып жатса, бұл ұлылардың әңгімесі күні бүгінге дейін созылуда. Менің ай­тып, жазғанымнан бәрі жөнге түседі деп дәмеленбеймін. Алайда, пыш-пыш әңгімелердің отын өшіруге, әдейі жасалатын қадамдардың тыйылуына себі тисе адами міндетімді орындадым деп марқаяр едім. Менің үстелімнің үстінде “Әуезов үйі” ғылыми-мәдени орталығының 1997 жылы шығарған “М.О.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі” деген 766 беттік қалың кітап жайылып жатыр. Одан басқа да Мұхаңа арналған ең­бек­тер кітап сөресінде тізіліп тұр және бәрі де оқылған, қажетті кезінде пай­даланылып отырылады. Сонымен қатар, 60 жыл архивтен жинаған еңбектерім де қасымда. Мұны мақтан үшін емес, шындықты айтатын әдетімнің дәлелі және кейбір еңбектерде саналы, кейде білместіктен ескерілмей қалған шындықтарды бұрмаламай пайда­ланайын деп отырмын. Сәбит Мұқанов жетімдіктің бар тақсіретін тартып ес жиған, етек жапқанда қатарға тұрып, қазан төңкерісі кедей-кепшікке, жетім-жесірлерге, халықтың 90 пайызына жақсылық әкеле жатыр, бай-манап, бишікештердің сілікпесін шығармақшы деген үгіт-насихатқа сеніп, большевиктердің айтқанынан шықпаған, ұрандатқан, дауылдатқан, осы ісім қате емес пе деп күдіктенбеген, бәрін де халқым үшін істеймін деп айылын жинамаған адам болғаны әмбеге аян. Артық айтқанын, кем соққанын ұққан тұста елден бұрын өзі мойындап отырған пенде де Сәбит Мұқанов. Тура жүріп келемін, қателікке ұрынып жатқан жоқпын ба деп бір сәт күдіктенбеген адамдар болса, соның біріншісі Сәбит Мұқанов болғанын дәлелдеп жатудың тағы қажеті жоқ. Ал Мұхтар Әуезовке келгенде уа­қыт­пен үндес болған сәттерін жиі көреміз де, әрқилы қисындарды айтқызған тұс­тарға кезігеміз. 1932 жылға дейінгі Мұ­хаң өмірбаянына көз салсақ Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітірмей жатып, 1918 жылы көктемде Омбы қаласында өткен жас алашшылдардың жиынына қатысып, сөз сөйлеуі, “Жас азамат” газетін шығарысуға қатысуы, “Абай” журналы мен “Сарыарқа” га­зетіне ұлтжандылық сипаты басым ма­қа­лалар жазуы, 1919 жылдың қараша айынан 1923 жылдың наурызына дейін ВКП (б), яғни коммунистік партияның мүшесі болуы, 1919 жылы 20 желтоқсанда Семей ревкомының инородческий подотделінің бастығы болып тағайындалуы, одан 3 күн бұрын “как члены организация “Алашорды”: Ермеков, Ауезов и Дюсебаев” үшеуінің ревком отырысына қатысуы, губревком мен губбюроның 1920 жылғы 20 шілдедегі отырысында Қазақстан Советтерінің сьезі жақындап қалуына байланысты бұратаналар бөлімшесін бұратана бөліміне айналдырып, “Тов. Ауезова назначить завинотделом и членом губревкома совещательным голосом” деп шешті (Орысша жазыл­ған­дарды сол күйінде береміз және бұл кезеңге назар аз аударылып келеді). Содан кейін 1921 жылы Орынбордағы Советтердің бүкілқазақстандық ІІ съезіне қатысып, 1922 жылдан бастап үкі­меттің салқын қабағын сезінді. Мұны білген соң желтоқсан айында Таш­кент­ке келуге әрекет жасады. Партия­лық есептен шықпай, партбилетін пошта арқылы Орынборға жіберіпті деген дерек те бар. Жасыратыны жоқ, Кеңес өкіметі тұсында,  20-жылдарда Ташкент қаласында қазақ зиялылары, әсіресе, алашордашылар саяси иммигранттар болды деген түсінік қалыптасқан-ды. 1922-25 жылдары Ташкент қа­ласында батыс алашордасының, яғни Ойыл уәлаяты өкіметінің көсемі Х.Досмұхамедов қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев сынды қайрат­кер­лерге коммунистік партияның сегіз мү­шесіне мінездеме бергенде, қазақтың ұлы азаматы Тұрар Рысқұлов И.В.Сталинге 1924 жылы 29 сәуірде жаз­ған хатында “Политическое и духовное влияние над киргизским населением во Туркестане сейчас находится в руках алашординских дея­телей. Они имеют тесную связь с загра­ницей.” (Мәскеудегі РГАСПИ архиві, 17 қор, 85 тізбе, 77 іс, 244 бет.) деген деректі айы-күні түгіл, сағатына дейін баяндап отыруымның сыры Мұхтар Әуезовтің осы кезеңіне тиянақты көңіл бөлушілер аз және кейбір сәттер шежіреге түспей көлеңкеленіп қалғандары да жоқ емес. Мұхаңның әуелі Ташкентке, со­ңынан Ленинградқа, кейіннен Таш­кентке қайтып оралғанын мансұқтай айтқандардың бірі Сәбит Мұқанов болғаны белгілі. Ондағы негізгі тезис – байшыл, ұлтшыл, алашордашыл болды. Ол бетінен қайтқан жоқ деп қазақ әдебиетіне қосып жатқан ірі үлестеріне, айтулы шығармаларына мән берілмеді. Соның нәтижесінде, алаштың 44 қайраткері 1930 жылдың көктемінде Мәскеу түрмесінде тексеріліп, 13 адам ату жазасына, қалғандары әрқилы жылдарға сотталғаннан кейін қазақ зиялыларына екінші толқын соқты. Со­лар­дың алғашқысы болып, 1930 жылы 17 қыркүйекте Ташкент қаласында Мұхаң тұтқындалып, Алматы түрмесінде 1932 жылдың көктеміне дейін жатып, 3 жылға шартты сотталды. Сәкен мен Сәбит бұл соттардың бірде-біріне қа­тыс­қан жоқ. Жаздым, жаңылдым деп бі­ріккен мемлекеттік саяси бас­қар­ма­сының (ОГПУ) Қазақстандағы өкілетті өкілдігіне Мұхтар Әуезов: “Я все же по существу оказался не в лагере рево­люционных писателей Казахстана, а стал одним из националистически настроенных писателей. А этот путь обьективно вел к контрреволюции... Я в данный момент отношусь не только к своей прежней литературной позиций как литература, но даже осуждаю свои позиции и в области исследовательской дея­те­льности как историка казахской литературы” (128-бет), дегені 10 маусым күні “Социалды Қазақстан” мен “Казахстанская правда” газеттерінде даурықтыра жария­ланды. Сәбит Мұқанов пен Мұхтар Әуезовтің Орынбор басында жанасқан сәттері тек жиналыстарда болмаса, дастарқан басында немесе көшеде серуендеген кездері бай­қалмайды. Тіпті өсек-аяңның өзі де еш хабар жеткізбейді. 20-жылдардың аяғында Сәкен Сейфуллин өзі басқарып отырған Таш­кент­тегі қазақ оқытушылар институтына (Каз­педвуз) Мұхаңды мұ­ға­лі­м­ді­к­­ке қабылдаған болатын. Ал Мұхаң оқуын бітіріп кеткеннен кейін 1928 жылдың күзінде С.Мұқанов Ленинградқа барып, университетте бір семестр оқып, жергілікті жерде қызметкер аз деген шешіммен бір қыс “Кеңес ауылы” газетінде редактор болып, 1930 жылы Мәскеуге кетіп, 1936 жылы оралды. “ХХ ға­сырдағы қазақ әдебиеті”. І-бөлім (ұлт­шыл­дық, байшылдық дәуір) деген кітабын 1931 жылы 28 cәуірде жазып бітіріп, 1932 жылы басып шығарады. Бұл кезде Мұхаң Ал­матының түрмесінде азап шегіп жатқан-ды. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихында алашшыл ақын-жазушылар туралы күні кешеге дейін, яғни тәуелсіздік келгенге дейін тек қарғау-сілеумен келген Байтұрсынұлы Ахмет, Дулатұлы Міржақып, Қарашұлы Омар, Жұмабайұлы Мағжан, Торайғырұлы Сұлтанмахмұт, Дөнентайұлы Сәбит, Күлейұлы Бернияз, Әуезұлы Мұхтар, Аймауытұлы Жүсіпбектің творчестволық портреттерін алғаш оқулыққа, ғылыми зерттеуге айналдырған ғалым Сәбит Мұқанов екендігіне ешкім дау айта алмайды. Рас, пролетарлық диктатураның айбары мен әміріне сүйеніп, оңды-солды сілтегені, кейде бұрмалап, тырнақ астынан ұлтшылдық-байшылдық қана емес, Кеңес өкіметіне қастандық іздеп жазғаны да белгілі. Өйтпесе ол кітаптың шығуы екіталай еді, өйткені сен кеңес жауларына обьективті түрде насихат жасап отырсың деу қиын емес-тін. Ондай айыпты 1937 жылы естіді де, газет-журналда сыналып, партиядан қуылды, қызметінен босады. Ал енді Мұхаңның шежіресіне қайтадан оралайық. Түрмеден шығып, зооветинс­титутта қызмет істеп жүргенде 1933 жылдың 21 ақпанында Мұхаң Сәбит Мұқановтан хат алыпты. М.Әуезов музейіндегі қолжазба қорындағы және Тұрсын Жұртбаевтың “Бесігіңді аяла” деген тарихи-ғылыми эссесінің 627-бетінде: “Мұхтар да, Сәбит те “ет қызуымен” айтылған пікірлерінен қайтып, қателіктерін мойындады. Сәбит Абайды қаралаушысынан насихаттау­шы­сына, зерттеушісіне айналды. Мағжанды да, Мұхтарды да мойындады. Оған 1933 жылы 21 ақпанда Мұхтарға, 1934 жылы қарашаның 2-і күні Мағжанға жазған хаттары дәлел. Екі хатта да Сәбит пікір таластыра отырып ойын ашық айтады” (136-бет), деп сендіруі шындық. Құжаттар дәлелдейді. Ал осыған дейін, яғни екеуі екі лагерьде жүрген кезде жазылған “ ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті” монографиясындағы Мұхаң портретінде не жазылған екен, соған көз салайық. Қандай мін тауып, коммунистік жала жапса да Сәбит ақындық, жазушылық күшін алғанда Мұхтар күшті жазушы дейді. “Тіл сұлулығының үстіне, Мұхтар кейіпкер жасауға шебер. Мұхтардың кейіпкерлерінің сыртқы көрінісі мен ішкі сезімі айқын көрініп отырады. Байшыл жазушылардың ішінде байлар тобының таптық кескінін оның кейіпкері арқылы көрсету ретінде Мұхтардан асқаны жоқ. Жазуға шеберлік жағынан пролетариат жазушыларына Мұхтардан үйренетін нәрсе көп” (С.Мұқанов. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Екінші басылым. 2008. 352-353 беттер.) деген қорытындының айтары мол, сездірері көп екені айдан анық. 1933 жылдың 21 ақпанындағы хаттың жалғасы көктем кезінде Ленинградтан отбасын Алматыға алып қайтқан Мұхаңның Сәбиттің Мәскеудегі жертөле жатақхана­сында түні бойына созылып, көз шырымын алмаған әңгімелері таусылмағанын Мәриәм Қожахметқызы жыр қылып айтып еді. Ал соның нәтижесі қалай болды? 1934 жылы 6 маусымда Қазақстан мәдениет қызметкерлерінің сьезінде сөйлеген сөзінде Сәбит Мұқанов: “Тартыс”, “Октябрь үшін”, “Түнгі сарын” пьесаларын, тағы басқа бірнеше кеңес тақырыбына жазған әңгімелерінен кейін Мұхтарға күдік­тенуге болмайды” (Социалды Қазақстан 6.6.1934), деп кепілдеме береді. 1922 жылдан 1937 жылға шейін Сәбит Мұқановтың айтқанына, жазғанына ел-жұрт қана емес, билеуші партия да, өкімет те құлақ қойғанын естен шығармайық. Орталық партия комитетінің жанындағы Қызыл профессура институтынан 1935 жылғы жазғы каникулға келген Сәбит Мұқанов екі жарым жылдан бері Мұхаңның қолында жүрген әңгімелер жинағына редактор болатын адам шықпай жатқанда, сол “Ескілік көлеңкесінде” жинағына қыс­қаша алғысөз жазып, жауапкершілігін көтергені үшін 1937 жылдың қызылкөздері Қазақстан жазушыларының партия жина­лысында “ С.Мұқанов Әуезовтің кеңеске қарсы әңгімелерінің (“Қилы заман”, “Қараш-қараш”) жинағын өзінің редактор­лы­ғымен жарыққа шығарғандығы” үшін айыпталды. Бұл аз болса, Мұхаң мен Сәбең 1935 жылы 20 қарашада оқу халық комиссары Т.Жүргеновке орыстың атақты композиторы Б. В. Асафьевке қазақ операсын жаздыруға келісім-шарт жасауды өтініпті. 1936 жылдың қаңтар, ақпан айларында қазақтың ірі ғалымдарының бірі Т.Нұртазиннің естелігі бойынша, Мұхаң мен Сәбең “Ленинградта “Европейская” қонақ үйінде жатты. Қазақ­стан көркемөнер басқармасы Ленинградтағы атақты композитор Б.В.Асафьевпен келісім жасасыпты. Композитор “Ақан мен Зайра” деген опера жазбақ. Мұхаң мен Сәбең Асафьевпен жүзбе-жүз әңгімелесе отырып операның либреттосын жасап тәмамдауға барыпты” (Мұхтар Әуезов тағылымы. 1987. 57-бет.) дегені пенделік тірліктің творчестволық бірлікке, қажет десеңіз достық көңілге ауысқанына дәлел болса керек. Ал шығарманың сырына келсек, “Қазақ әдебиеті” газетінде 1936 жылы 17 мамырда Сәбит Мұқанов ақындар мен ән­шілер өмірінен “Ақан мен Зайра” атты алты суретті либретто жазылғанын хабарлайды. Ал ол М.Әуезовтің 20 томдық шығармалар жинағының 11-томында жарияланыпты. Мұхаңның қазақ драма театрының әдеби бөлімін басқаруы репертуарды өз шығармаларымен, сондай-ақ аудармалармен байытудың үлкен кезеңі болды. 1937 жылғы ақын-жазушылар жиынына қатысты. 1937 жылы 7 қыркүйекте Алматыдағы ақын-жазушылардың “Ұлтшыл фашистердің әдебиеттегі зиянкестік істерімен күресу және жас кадрларды өсіру туралы” жиналысында президиумде отырып: “Т.Жүр­генов халық әдебиетін Алашорда жолымен ұғындырмақ болды және орыс халқының үлкен еңбегін пайдаландырмады”, дегені де хатқа түсіпті. Ол заманда кім не айтпады дегенді былай қойғанда, Сәбит Мұқанов Мұхтар Әуезов ұлтшыл-байшылдардың ішінде деп санағанымен, мақалаларында түсін түстеп, атын атаған сәті өте аз. Осы көңіл 1932 жылы Мұхаң түрмеден ашық хат жазып шыққаннан кейін жолдастық қарым-қатынас деңгейіне жеткен. Осындай күйде жүрген ұлы дарындардың бір-бірімен ұстасқан, қағысып қалған, сынға алған сәттері 1938 жылдан кейін басталған сияқты. 1937 жылы 20 маусымда Қазақ ССР Халық комиссариаты жанындағы көркем­өнер басқармасы драматургтердің жина­лысында Мұхтар Әуезов: “Сейчас я занят над либретто оперы “Айман – Шолпан”. Большая ответственность на мне – это окончание пьесы к Октябрю” (166-бет) дегені қазіргі Абай, бұрынғы Л.И.Мирзоян атындағы опера театрының 1937-1938 жылдардағы репертуарына еніп, музыкасын Е.Брусиловский жазғаны белгілі. Оған дейін жазылған “Айман – Шолпан” комедиясы Ақтөбе, Орал облыстарының драма театрында қайтадан қойылатын болыпты. Көркемөнер басқармасының бастығы Ғабит Мүсіреповтің бұйрығымен “Айман – Шолпан” операсын тапсыру 1938 жылдың 28-29 сәуірінде, премьерасы 2 мамырда жүзеге асуға тиіс болған. Өмір өз жолымен жүріп жатқан уақытта Сәбит Мұқанов 1939 жылы 27 ақпанда “Халық қазынасын дұрыс пайдаланайық (пікір алысу ретінде)” деген мақаласында қазақ эпостарын дұрыс пайдалану, әсіресе, театр сахнасына лайықтағанда өңін айналдырмай, образдың даму, көріну деңгейін сақтау жайына тоқталып, “Айман – Шолпан” пьесасы мен либреттосында Көтібардың бейнесі сайқымазақ болып шыққанына қарсылық білдіреді. Осыған байланысты 1939 жылы 2 наурызда жазушылар мен мәдениет қызметкерлерінің қалалық жиналысы болған. Жазушылар одағының төрағасы Д.Әбілов “Постановление Совнаркома и ЦК КП(б)К о дальнейшем развитии искусства и литературы” деген тақырыпта баяндама жасаған. Президиумда Орманов, Бекқожин, Кузнецов, Мүсірепов, Тәжібаев, Амангелдин отырғанда Сәбит пен Мұхтар залдан жарыссөзге араласыпты. Ол сөздер стенограммаға түсіпті. Жазған мақаласында да, осында сөйлеген сөзінде де Сәбит Мұқанов: “Я совершенно отрицал путь, по которому идет автор и композитор в создании оперы “Айман – Шолпан”. По моему, это оши­бочно, неправильно написанная, про­ти­во­речивая народному фольклору, народному произведению, работа. Тов. Ауэзов в своей ответной статье вчера товарищескую критику принял очень болезненно и разбрасывался всякими нужными и  ненужными эпитетами, сравнениями. Я тоже писатель, с таким же успехом я мог вернуть товарищу Ауэзову столько же эпи­тетов, но они ни к чему. Есть русская пос­ловица “кто ругаеть, тот не прав” (С места – “Я в своей статье не ругаюсь”). Там есть такие слова, которые просто значит собака. (С места – Я таких слов не употреблял и не буду употреблять). Ни я, никто другой не говорит, что Вы плохой писатель. Я вас ценю как художника, как драматурга. Было время, когда я к Ауэзову относился очень пристрастно, это тогда, когда Ауэзов был не наш. Когда он пришел к нам в советскую литературу, меня это очень обрадовало. Находясь в Москве, не видя Ауэзова в лицо, я написал ему письмо. “Вы были хорошим художником, я ценил Вас тогда, когда Вы были не нашим писателем. Я рад видеть Вас в ряду советских писателей. Одно время я либерально относился к ошибком Ауэзова. Под моей редакцией вышел сборник рассказов Ауэзова под названием “В тени старого времени.” Этот сборник рассказов Ауэзов написал тогда, когда был не советским писателем. За этот сборник я получил большое наказание, и когда меня в прошлом году исключали из партии, но одним из пунктов обвинения был поставлен мне этот сборник. Не могу же я все время относится к недостатком Ауэзова либерально” (Қазақстан Респуб­ликасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты. 1778-қор, 1-тізбе, 68-іс, 43-46-беттер). Сондағысын не дейсіздер ғой. Көтібарды мазақ етіп көрсетуге болмайды, халық эпосын бұрмаламау керек деген негізгі ой ғана. Осыдан тұтанған жалын бара-бара қалың өртке айналды. Оған қызыққандар арам сезімдерін қанағаттандырды, ал пайда тапқысы келгендер ойына келгенін істеді. Тұтанған өртті сөндіруге асықпай қызығына бата түскісі келді. “Үрит-соқ” дегендер де аз болмады. 1937 жылдың басында троцкийшілерді лағнеттеуден бас­тал­ған көзқарас көктемге қарай теріс айнала бас­тады. Ана жерден, мына жерден троцкийшілер табылып, оның бір шеті Қазақстаннан да көрініп жатқан тұста Сәбең өзіне тән белсенділікпен біраз жиналысқа Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы ретінде ресми қатысып, сөз сөйлеп жүрді. Осының бәрін жіпке тізгендей “Казахстанская правда”, “Социалистік Қазақстан” газет­терінен қалмаймыз деп “Лениншіл жас” пен “Ленинская смена” газеттері “өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай” етіп оңды-солды жазды. Оған “Қазақ әдебиеті” де үлес қоспаққа талпынды. Жаз ортасына қарай “әшкерелейік, масқара етейік” деген сөздер енді “көзін құртайық, жер бетінен аластайық” дегенге көше бастағанда Сәбең 1937 жылдың 7 маусымында аяқ астынан “шабыт қысып” демалыс алды да, Мәскеу түбіндегі жазушылардың саяжайы Переделкиноға барып, “Жұмбақ жалау” романының соңғы тарауын жазып, үстінен қарап шығуға кірісті. Алматыдан алыста болуды қалады. Шілде айы туа әуелі Ғаббас Тоғжанов, онан кейін Ілияс Жансүгіров, Әбдірахман Айсарин ұсталып, түрмеге жабылды. Құрық үкімет адамдарына да түсе бастаған кезде Сәкен, Сәбиттердің саяси соқырлықтары, қаперсіз-қамсыз­дықтары газеттерге жазылып, аяғы Жазушылар одағының хатшысы Мұхамеджан Қаратаевтың 1937 жылғы 29 тамызда “Социалистік Қазақстан” газетінің екі бетінің етегін түгелдей иемденген “Қазақ әдебиетіндегі авербаховшылдықтың қалдығын толық жою керек” деген әйгілі мақаласы шықты. Бұдан кейін жиын үстіне жиын өтіп, Жазушылар одағы азан-қазан болды. 1937 жылдың 7 қыркүйегінде “Ұлтшыл фашис­тердің әдебиеттегі зиянкестік істерімен күресу және жас кадрларды өсіру туралы” деген тақырыпта жазушылардың съезд, пленумге бергісіз жиналысы өтті. Оның төрінде Мұхтар Әуезов, Әбділда Тәжібаев, Мұхамеджан Қаратаев, Хамза Жүсіпбеков отырып қана қоймай, сөз сөйлеп, әдебиетті жайлап бара жатқан қастандықтарды түп-тамырымен құртайық деп шешті. Жиналысқа қатыспаған Сәкен, Бейімбет, Сәбит, Ғабиттің сыртынан талай ғайбаттар айтылып, жиналыс шешімімен Сәбит Мұқанов демалыстан тез қайтып келіп, есеп беретін болсын делінді. Сәбең 30 қыркүйекте Алматыға жетіп, 1 қазан күні Қазақстан Жазушылар одағы басшылығынан қуылды. 2 қазанда оның мәселесін қарайтын партия жиналысы басталды. Партком хатшысы Қалмақан Әбдіқадыров Сәбеңнің саяси қателіктерін тізіп айтқанымен, ызғар шашпады. Сол әуенмен басқалар сөйлеп, шешімге келерде ию-қию болды. – Сәбитті не деп партиядан шығарамыз? Кедей десең нағыз батырақ, тапшыл десең партия жолынан қия басып көрмеген жан, қай істі болса да үлкен жігермен орындайды. Партия мүшелерінің бәрі осындай болса социализмді жарқыратып-ақ жіберер едік қой. Әзірге сөгіс, тіпті қатаң сөгіс берейік, – деп пәтуаласты. Ертеңінде Жазушылар одағының төңірегі абыр-сабыр болды. Сәбиттің партиялылығы қайта қаралатын болыпты деп қорқып жүргендер де, ренжіп жүргендер де бар. Кешкі төртті тағатсыздана күткендер көп, тіпті партияда жоқтардың өзі одақ жанында ереуілдеп жүрді. Әлден уақытта машинадан Ілияс Қабылов, әрең қозғалып Ғабит Мүсірепов түсті. Жиналыс басталды. Қызды. Бірін-бірі тыңдап жатқандары шамалы, көптің аузында кешегі сөз. Әлден уақытта Ілияс Қабылов сөзге араласты. – Сәбит Мұқанов жолдастың мынадай саяси қателіктері бар. Кеңес елінің жауы Мағжан Жұмабаевқа барып сәлем беріп, жазушылар қатарына аламыз деп сонау Қызылжардан Алматыға алып келіп отыр. Бұл не? Дұшпанға қол ұшын бергендік емес пе? Иә болмаса, Сәбит жолдас оқуын бітіріп келісімен “өз қателігін ашық хатымен мойындаған, “марксизм-ленинизмді түсінгім келмей кеңеске қарсы болдым” деп жазған Мұхтар Әуезовтің “Ескілік көлеңкесінде” деген жиырмасыншы жылдардағы теріс бағытта жазған шығармаларын бастырды. Оны алғашқы әңгімесінен-ақ, Еуропа мәдениеті деңгейінде жазған қаламгер деп сонау империалистер жайлаған Еуропаның сайқымазағын асыра мадақтап, кеңес оқушыларын адастырып отырғанын қалай кешірмексіңдер?! Газеттер жазғандай, Жазушылар одағының саяси қырағылықтан айырылған ұйым екенін бүгінгі сөздерден анық көріп отырмын, — деп пәлсапашы Ілияс Қабылов әр мәселенің қисынын тауып, астарын ақтара сөйлегенде айтқанына көне салғандар болды. Жақтап сөйлегендер доңайбаттан шошып, орындарына тез отыра қалды. Не керек, екіндіде, яғни сағат төртте басталған жиналыс түнгі екіде Сәбитті партиядан шығарумен аяқталды. Апыл-ғұпыл есіктен шыға берген Сәбитке Ғабит: – Әй Сәбит, партбилетті тастап кет! – дегенде: – Оны сенен алған жоқпын, саған тапсыра да алмаймын, – деп бұрылмапты да. Алматының қараңғы түніне сіңіп бара жатқанда Бейімбет пен Қалмақан екеуі Сәбитті қуып жетіп, үйіне дейін шығарып салмаққа ниеттенеді. Манадан бері бастықтарды тосып тұрған машина жарығын жарқылдатып Сәбиттерге жақындай бергенде: – Әй, Бейімбет, кел машинаға, – деп Биағаңды шақырып алыпты. Партиядан қуылу күнкөрістен айырылу ғана емес, түңғиықтың түбіне батудың алды ғой ол кезде. “Кезек енді маған да келген шығар”, деп Сәбит түрмеге ала кетер дүниелерін жинатып, тас түйін болып жүріпті. Күн өтеді, жұма өтеді, жарты ай болады, бір ай өтеді. Сақтана сыртқа шықса, Сәбитті анадайдан көргендердің өзі теріс айналып, жүрісін тездетеді. Сәлемдесу, сөйлесу дегендер мүлдем ұмытылған сияқты. Омалып үйде отыра берейін десе қарны аша бастаған бала-шағасы қыңқылдай береді. Мәриәм оларды ебін тауып тыныштандырғанмен, Сәбитті не деп жұбатарға айла таба алмай әлек... Бір күні аштық азабы сұмдық шешімді айтқызды. – Әй, Сәбит, аштан өлеміз бе?! Мына балаларға ие бол, мен жұмыс іздейін, – дегеннің аузынан қалай шығып кеткенін өзі аңғармай қалыпты. Сәбит талай рет жазушыларды бастап келіп, өлең оқыған, әңгіме шерткен КазПИ-дің есігін қорқа ашты. Директоры Шарафи Әлжановтың есігін тықылдатты. “Иә”, деген дауысты естіген соң еппен ішке кірді. Шарафи таңдана қарады. Сәбит Мұқанов кабылдауына келіп тұр. Зұлым уақыттың ызғарына қарамай, орнынан көтеріліп, қолын созды, орындық нұсқады. Әйтеуір, бөлмеде екеуінен басқа ешкімнің болмағаны қандай ғанибет еді. – Бәрін білемін, естідім, оқыдым. Менің саған берер көмегім – ассистенттік қызмет. Одан жоғарғысын бере алмаймын. Доцент, профессорлықты да атқара алатыныңды жалғыз мен емес, бүкіл қазақ біледі. Бірақ саған дәл қазір ассистенттіктен басқаны ұсына алмаймын. Жата-жастана көре жатармыз, – деп бір-ақ қайырды Шарафи Әлжанов. Бұл ұсыныстың өзі Сәбитті тау басына шығарып жібергендей үйіне ширақ қайтты. Лекторлардың қай курсты оқығанын сұрап, қай кезеңнен бастау керек деген сияқты күнделікті күйбең басталып, шиеттей балаларының ырзығы табылып жатса да, Сәбеңнің көңілі Алматыдан кеткенді қалауда. Шарафидің жәрдемімен бе, әлде басқалардың ұйғаруымен бе, әйтеуір жаңа оқу жылында Сәбит 1936 жылы Сәкен аты берілген Семейдің оқытушылар институтына жолдама алды. Оған аттанғанша “Жұмбақ жалау” романын баспаға дайындап, Сәкен жинастырған “Батырлар” жинағына мәнді алғысөз жазып, баспаға тапсырды. Не керек, бұрын еркін адымдап, жан-жағын қызық әңгімеге батырып жүретін Сәбит байқап сөйлеу, аңдап басуды үйрене бастаған кезде қалалық партия комитетіне: “Мүшелігімді қайтып беріңдер”, деп арыз жазды. Олай тосты, былай тосты, өтінішінен күдер үзе бастағанда, 1938 жылдың 2 наурызында қалалық комитеттің бюросына шақырылды-ау. Кеңес өкіметін жанындай жақсы көретін тақыр кедейдің баласы емес пе едім деген үмітпен келді. Үлкен бөлменің ішін кернеп отырғандардың жүзінен жылылық аңғарылмайды. Ойламаған сұрақ­тарды жаудырып есін шығара жаздады. Тілі жеткенше ағынан жарылып кеңес заманында атқарғандарын тәптіштей бастаса, қайсыбіреулері: “Жасаған қастықтарыңды, істеген қателіктеріңді айт. Қай жерде шалыс бастың, халық жауларына қалай көмек­тес­тің?” деген содырлы сұрақтарды қойып жатыр. Өңдерінде кан-сөл, атарға оғы жоқ жандар тесіле қарауын, күдіктене сөйлеу­лерін тыймады. Сонда алынған қаулыда: “Муканов обвиняется в том, что в своих литературных произведениях, как-то “Сын бая”, “Мирзабек”, “Темиртас”, “Литература XX века”, протаскивал контрреволюционные националистические взгляды. Муканов был тесно связан с Сейфуллиным, Досмуха­ме­до­вым, Асылбековым, Айсариным, Валиах­метовым и Джумабаевым, ныне разобла­ченными врагами народа. Решением бюро Фрунзенского ГРК КП/б/К Муканов “как активный член кон­трреволюционной нацио­на­листической группировки, как пособник врагов народа и как неразоружившийся буржуазный националист” из рядов партии исключен. Муканов в своих заявлениях не отрицает предъявленные ему обвинения в допущенных ошибках в своей литературной работе. Ввиду неясности отдельных вопросов, дело о Муканове отложить и поручить Холодову дорасследовать”, дегеннің ызғары арқаңды қарығандай. Осындай күй кешкен Сәбит Мұқановтың Алматыдағы қызылкөздерден аулақ жүруге тырысуын түсінуге болады. Ыңғайын тауып Семейге аттанып кетуінің сыры да осы болса керек. Онда ұзақ болды ма, жоқ, тез оралды ма, әйтеуір Абай мұражайын ұйымдастырумен айналысып жүрген Қайым Мұхаметхановтай іні-жолдас тауып алғаны рас. Қазіргішілеп айтсақ, шығармашылық жолын былай қойғанда, керей-уақ болып кездесті. Жазушылар одағынан алған тапсырмасы бар ма, әлде Қайымға жәрдемдесу ниеті жеңді ме, не қызыққыш көңілі ауды ма, әйтеуір Сәбит Абайдың “көзін көрген” ақсақал-карасақалдармен кездесуге, тобықты елімен танысуға асықты. Даңғайыр даңқы бар Сәбитті ел-жұрт қуана қабылдады. Алматыда ұйтқып соққан ызғардың беті қайта бастағанда өмірі көріспеген ағайындардың арасына кіріп, мәре-сәре болды. Дастарқан басында тобықтының сөзуар шалдары әр нәрсені әңгімелеп отырғанда: “Мұхтар Абайдың баласы ғой”, деген оғаш сөзді естиді. Оның анық-қанығын білуге, Қайымнан сұрауға мән бермепті. Аман-есен Алматыға оралғанда Сәбитті үлкен қуаныш тосып тұр еді. “Жұмбақ жалау” романы шығып, ел-жұрттың қолына тие бастады. Жер-жерден Сәбеңе хаттар жауып кетті. Өмірдің қиястығы, партияның зәбірі хат топанының астында қалып, Сәбең қайтадан даңқ тауына көтеріле бастады. Осы жолы шыққан шыңы бұрынғыдан да биік, көрікті және мығым болды. Өйткені, қазақ әдебиетінде көркемдігі керемет, алымы алысты қамтитын, озық елдің шығар­масымен қатар қоюға ұялмайтын толық­қан­ды роман дүниеге келді. Сәбит түлеген бүр­кіттей сілкініп, қатарға қайта кіре бастады. Әрине, бұған қуанғандар көп, қызғанғандар да аз емес. Семейден Алматыға біраз уақыттан кейін Қайым келіп, Мұхаңның үйіне түседі. Оны естіген Сәбең, Қайымға: “Біле білсең, сенің түсер үйің біздікі емес пе?! Керей-уақтың еншісі бөлін­бегенін білесің бе өзің?” деген қалжыңының аяғын үйіне қонаққа шақырумен аяқтайды. Семейде талай гөләйттаған “серілер” аттың басын еркін жібереді. Айтылмаған әңгіме қалмайды. Сондай бір желпініс үстінде Сәбең: “Мұхтар Абайдың баласы деген тобықты шалдарының сөзінің шындығын білесің бе?” деп сұрап, Қайымды таңғалдырады. Осы бір тосын сауал екі алыптың арасының ашыла түсуіне себепші болды. Және даңқ тұғырына шабуылдаудың бір тұсы осы. Сәбит шығармашылығының көркем­дігіне күдіктене қарау сол кезден басталып, барған сайын өршелене түсті. Қайым жатқан үйіне түн ортасында оралып, таңертең Мұхаң екеуі шайға отырғанда көңіл көтеріңкілігі әлі басыла қоймаған еді. Мұхаңнан сүйінші сұрағандай: “Сізді Абайдың баласы дейді ғой, сол рас па?” деп езуін жимай сұрайды. Сол кезде Мұхаң тарс жарылып: “Мұны саған Сәбит айтты ма, тағы не естідің?” деп қатты ашуланады. Айтпаған сөзі қалмаған соң, Қайым ішіп отырған шайын тастап, үйден шығып кетеді. Оншақты күн әскери тумасының үйін паналайды. Ойда жоқта көшеде кездесіп қалғанда Мұхаң: “Әй, Қайым қайда жүрсің? Осылай да өкпелеуге бола ма?” – деп едәуір уақыт ашуын басуға әлек болып, аяғында үйіне алып келіп, шаруасына көмектеседі. Мұхаң мен Сәбеңнің пенделік тұрғыдан кетіскен сәті осы. Оған дейін де анау-мынаулар болған шығар, бірақ жоғарыдағы қисынсыз сөз екі алыптың ең шешуші айқасына себеп болды. 1941 жылы 29 мамырда Сәбит Мұқанов Мәскеу қаласынан Мұхтар Әуезовке орыс тілінде ұзақ хат жазыпты. Қазақтың екі сөзгері неге орысшалап кеткен дегенге жауап: Мұхаң болса әу бастан қоңыраулы адам, ал Сәбең 1937 жылдан бері аңду мен арбаудың астында. Олардың әрбір адымы аңдуда екенін, оның үстіне Мәскеуден жазылған хаттың міндетті түрде оқылатындығын, қазақша жазса әр саққа жүгіртетіңдігін ескеріп, Сәбеңнің орысшасы шығандап тұрмаса да орысша хат жазады. Мұхаң да орысша жауап жазыпты. Енді екі сөз шеберін қазақшалап біз әуре болмай-ақ қояйық. Біріншіден, бар бояуымен жеткізе алмаспыз, екіншіден, “дейді екенге” үй­реніп қалған қазақтарға мұрағат дүниесін сол күйінде жеткізсек, күні бүгінге дейін жалыны басылмай, қоламтадағы шоғы бықсып жатқан өсек сөздердің үні өшер. “Екеуміздің шындап таныс­қа­ны­мызға және бір-бірімізге “сен” деп сөйлескенімізге соңғы төрт-бес жылдың іші. Содан бері ашығырақ сөйлесейін деп талай оқталдым, сенің ша­м­шыл­ды­ғыңнан (одним из твоих недостатков является то, что ты очень обидчив, иногда обижаешься ни за что) айта алмадым. Хат жазуды орынсыз көрдім, әлі де жүре беруге бар едім, “Если бы в Москве мне не говорили о твоих поведениях в отношении меня. Мне го­во­рили, что ты в Гослитиздате разъя­с­нил, что “Жұмбақ жалау” Муканова мы знаем: он плохой, его хорошим делал Дроздов...” Также мне там сказали, что ты, прочитав свою статью, помещенную в “Сборнике современной казахской литературы” ужаснулся, что кто-то вс­та­вил туда слова “одним из ведущих в казахской литературе является Мұ­қа­нов”, и когда тебе показали твою рук­о­­пись, где ты сам писал такие слова, ты покраснел и сказал коротко – “я вычеркну” дегенді естігенде төбе шашым тік тұрды. Құнанбай заманындағы тобықтылығың қалмаған екен ғой деп түйдім. “Я был о тебе очень высокого мнения даже тогда, когда мы находились в разных противоположных лагерях. Я тебя считал (и считаю) одним из больших талантов нашего времени и одним из культурнейших людей, не только среди казах­ских писаталей, но и среди писа­телей нашего многонационального Союза, включая и русских. Твое знание я сопоставляю со знанием самых передовых писателей нашего времени, включая и европейских. Это – не комплимент, а мое убеждение”, дегенді ашулы хаттың өзінде жазуға Сәбиттің ақылы да, азаматтығы да жеткен көрінеді. “Я – растующий писатель” деп өзінің шығармашылық жолындағы жетістігі мен қате-кемшілігін өзгеден бұрын өзі бадырайта айтады да, екеуінің дүр­дараз болу жайына мықтап тоқталады. Қос алыптың жазған хаттарының көшірмесі қолымда. Машинкаға ин­тер­вал­сыз басқанда сегіз, ал екі ин­тер­валмен басса 16 бет. Бір-біріне айт­па­ған­дары қалмаған. Әрине, қазір олардың жазғандарына өз әлімізше қорытынды шығарсақ, пәленің бәрі, бір сөзбен айтқанда, ұлылыққа талас, даныш­пан­дық пен кемеңгерлікті бөлісе алмау. Менің бұл ойым ащылау, рабайсыздау шығар хатты оқымағандар үшін, ал оқыған­дардың келісе қоймаулары да мүмкін. Сондықтан ұлы жазушылардың “ішек-қарнын” өздерінің ой-пікірлерімен ашуға мәжбүрмін. Қаншама Сә­бит­шіл болсам да, бұра тартпай, ға­лам­дық данқы бар деп Мұхаңа жеңілдік жа­самай, өзімнің өрем жеткенше ащы шындық­тарды алдарыңызға жайып салмақпын. Олар кейінгі ұрпағынан мұны күтпеді деп айта алмаймын, өйткені, 1941 жылғы жазылған хатқа 1960 жылы 28 наурызда Сәбит Мұқановтың “цель написания данного комментария к письму Ауезова закл­ю­чается в восстановлении истори­ческой истины... и все” деуінде бірталай қыжыл жатқанын аңғармасқа болмайды. Оның ең үлкені 1959 жылғы берілген Лениндік сыйлықта жатыр. “А” деп ауызды ашқан соң “Б”-сынан сескенбейік. “Теперь я хочу объясниться с тобой в том, почему наши отношения за последние 2-3 года натянулись? Причину я вижу в следующем: ты в последнее время (может быть и раньше) почему-то убежден в том, что на свете живет злодей по имени Сабит Муканов, который завидует всем, особенно Мухтару Ауезову и не хочет дать дорогу никому, кроме себя. Так ты говорил на совещании в редакции “Социалистік Қазақстан” в этом году. Я просил бы тебя объяснить, когда ты говоришь, что “Муканов завидует нам”, кто это “нам?” Ты взгляни на все кадры казахской советской литературы и скажи, разве среди них есть хоть один, которому я не помог в росте. Даже Габит, с которым натянуты мои отно­шения за последние 3-4 года, не может ска­зать, что я ему не помог в его творческом росте. Все эти писатели об этом писали неоднократно. Без моих принуждении. Разве это зависть? Наконец, зачем мне завидовать тебе? Я знаю, что ты в казахской культуре вообще, в литературе в частности, занимаешь очень большое место. И у меня есть свой участок, вполне достаточный для разведения моего хозяйства; так что тебе не за чем бояться, что колонизирую твой край”. Сала құлаш хаттың ең түйінді, от шашып тұрған мәселесі осы: тағы да қайталайын, ұлылыққа таласу, да­нышпандық пен кемеңгерлікті ешкімнің қанжығасына байлатпау, атақ-даңқты бөліспеу ниеті екенін жазбай танимыз. Мұхаң да тартынбапты. “В тебе есть хвастливость, нескромная самореклама. Это видел на многих собраниях, в газетных выступлениях, – и есть также очень поверхностное самомнение, что казахская литература – это ты. Ты на совещании в “Социалистік Қазақстан” дал неверную справку о том, что будто ты начал критиковать, и я обиделся. Не упрощай и не искажай правды. Вспомни заседание парткома в 1938 г., где нас слушали товарищи. Я там говорил, что каждое произведение Сабита, поя­вившееся до сих пор недоношено, что я недоволен, неудовлетворен с таким стажем, как у тебя. Я тогда же и после был глубоко разочарован в тебе, заметив твое восприятие этого критического суждения о твоем писа­тельском труде на манер, скажу прямо, Сейфуллина. Ведь у него была отвратительная система; критику его произведений называть враждебным актом против Советской власти. Он был именно настолько нахален и беззастенчив. Я вправе объяснить это еще не изжитым в тебе влиянием корыстных отношений той лите­р­а­тур­ной группы, к которой ты при­над­ле­жал, и которую возглавил Сейфуллин. А это группа с ее грязными, фео­да­льно-родовыми правами, очень много на­вредила советской литературе в Казах­стане. Она много навредила и тебе в начальный период твоего фор­ми­рования”, деген ойларын келтіру мә­селенің байыбына бару үшін өте қажет. Мұндай ашық пікірлерге түсіндірме беріп жатудың өзі артық. Бұлар пенделік тұрғыдан болса, енді шығармашылық жағынан қарастырсақ, онда ұлылыққа таласудың қандай арнамен жүргендігін бірқыдыру анық шамалаймыз. Сәбиттің Мұхтарға қойған ең үлкен кінәсі – кеңес тақырыбына жазған шығар­маларың өз дарыныңның дең­гейінен әлдеқайда төмен. “Мои кри­ти­ческие замечания в отношении твоих отдельных произведений совершенно не исходят из моей зависти к тебе, они исходят из моего убеждения. Говоря откровенно, я недоволен твоими шагами в литературе последних лет. Они у тебя нерешительны, робки. Я сопоставляю твои произведения до советского и советского периода. Ты не смелый в своих шагах, много оглядываешься в сторону, боясь как бы чего не случилось. Отсюда страдает вся твоя советская тематика. Свою советскую душу на новой тематике ты, как художник, соответственно твоему таланту и знанию – ты еще не показал”, дегені әр қилы ой айтуға болғанымен, әдебиеттің бүгінгі шындығы төңірегінде шыр айналу керек деген социалистік реализм талабын анық аңғарамыз. Оны аттап өтуге Сәбең бармаған, қайта кейбір науқан тұсында артық сілтеп жіберетінін де жасырмаған абзал. Және оны өз тәжірибесінде талай сынап көрген. Оның нақты дәлелі 1938 жылы шыққан “Жұмбақ жалау” романы. Оны осы жауабында Мұхаң: “Это первый настоящий роман на нашем языке” дегені шындық болғандықтан ел қуанышына айналып, халық жаппай оқып, өздерінің ой-пікірлерін, қуаныш-шаттықтарын 1937 жылы жазықсыз жазаланған Сәбитт