* * *
СЕМЕЙ Біріне-бірі жалғасқан саяси дүрбелең мен ағайынаралық жанжалдардың салдарынан бүгінде экономикалық және әлеуметтік жағдайы тығырыққа тіреліп отырған Қырғыз Республикасына біздің мемлекетіміз тарапынан материалдық тұрғыда он миллионнан аса АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетілетіні белгілі. Соған орай жуырда Қырғыз еліне аттандыруға Семейден 4 вагон құрылыс және шаруашылық тауарлары тиелді. Мұның басым бөлігі осында өндірілген құрылыс материалдары. Соның ішінде Семей шиферінің орны бөлек. Мұның сыртында ағайындарға арналған сәлемдеме құрамында түрлі азық-түлік бар. – Мұндай сәлемдемелер республика бойынша бір жерге жинақталып, сонсоң тиісті жерге жөнелтілетін болады. Бірақ бұл игілікті істе еш кідіріс болмайтындығына сенімдіміз, – дейді “Балқаш” республикалық мекемесінің осындағы филиалының басшысы Нұрбек Сағадиев. Сөз соңында мұндай көмек еліміздің мемлекеттік материалдық резервінен жасалып отырғанын айта кеткеніміз жөн болар. Төскейде малы, төсекте басы қосылып жатқан қырғыз ағайындарға көмек осылайша өз жалғасын табуда. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ.«Ордабасы» футбол клубы жеке меншікке сатылды
Футбол • Бүгін, 14:35
Ақтөбе облысында сегіз ауыл газға қосылады
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 14:18
Орал қаласында жаңа мешіт ашылды
Аймақтар • Бүгін, 14:07
Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Қоғам • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Президент • Бүгін, 13:13
Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді
Референдум • Бүгін, 13:03
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Үкімет • Бүгін, 13:01
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
Сталкинг: Қызылордада бойжеткенді аңдыған азамат 25 тәулікке қамалды
Аймақтар • Бүгін, 12:47
Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:34
Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылды: Қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:17
ҚазҰУ мен Сингапур технологиялық альянс құрды
Университет • Бүгін, 12:09
Шайдоров әлемдік БАҚ назарында
Олимпиада • Бүгін, 12:06
АҚШ елшісі: Дипломаттардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығы артып келеді
Саясат • Бүгін, 11:56