Қытайдың Хэнань провинциясында өзен суының мөлшерден тыс артып кетуінен көпір шайылып, 37 адам қаза тапқан. Сонымен қатар 19 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.
Жауын-шашынның тоқтаусыз жаууынан арнасынан тасыған өзен Луаньчунь ауданындағы көпірді жұлып кеткен. Ұзындығы 153 метр болатын көпірдің үстінде ондаған адам болған, олардың 6-уы құтқарылды. Үш күн бойы жауған жауын салдарынан 52 адам көз жұмған.
* * *
Румынияда орын алған израильдік тікұшақ апатынан бірде-бір адам тірі қалмады. Оның бортында жеті израильдік және бір румындық әскери болған. Оқиға румын-израиль оқу-жаттығуын өткізу кезінде орын алды.
Тікұшақ маневр жасау кезінде қыратқа соғылып, артынан өртке оранған. Дерек көзіне қарағанда, ұшу мәшинесі толық бүлініп, оның сынықтары жан-жаққа шашылған. Мұндай жағдайда тірі қалу да мүмкін емес.
* * *
Иранға бір жақты немесе ұжымдық санкциялық шаралармен ықпал ету тәжірибесі қабылданбайды. Бұл жөнінде Ресей СІМ өкілі Иранға қатысты қосымша санкция қабылдануына орай мәлімдеді.
Жаңа санкция Иранның экономикалық қарым-қатынастарына қарсы бағытталып, мұнай-газ саласына инвестиция салуға тыйым салады. ЕО кеңесінің мұндай санкциясын СІМ өкілі Нестеренко БҰҰ ҚК санкциялық режімінің шеңберінен шығып отырғандығымен түсіндірді.
* * *
Британиялық ВР компаниясының жетекшісі Тони Хейворд қызметінен кетіп, оның орнына Роберт Дадли келетін болды. Аталған компания Мексика шығанағындағы апаттан 17 миллиард доллар жоғалтыпты.
Sky News ақпараттық телеарнасы хабарлағандай, Greenpeace белсенділері кеше Лондонда ВР-дің барлық май құю стансаларының жұмысын тоқтатып тастаған. Компанияға тиесілі 50 май құю стансасында кезекшілікте болған белсенділер “Жабық. Бензин бітіп қалды” деген жазуы бар плакаттар іліпті.
* * *
Араб отбасынан шыққан 8 сынып оқушысы Швецияда жергілікті мектептердің біріне жазған өтінішінде оқушылар қатарына қабылдауды сұрапты. Алайда, оның бұл өтініші бос орын жоқ деген сылтаумен қабыл алынбаған.
Артынша әлгі оқушының әпкесі мектеп хатшылығына хабарласып, “Аннели” деген жамылғы шведтік есіммен “Йохана” деген баласының мектепке барғысы келетінін айтыпты. Арғы жақтағылар бұл өтініштерін қуана қабыл алған. Енді араб отбасы кемсітушілік жөніндегі омбудсменге телефон жазбаларын ұсына отырып арыздануда.
* * *
“Кез келген проблема туындаған жағдайда Куба Венесуэла жағында болады”.
Санта Мария аралында Куба-Венесуэла кездесуінің жабылуында сөйлеген сөзінде Куба министрлер кеңесінің төрағасы және мемкеңес басшысы Рауль Кастро осылай деді.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.

«Ордабасы» футбол клубы жеке меншікке сатылды
Футбол • Бүгін, 14:35
Ақтөбе облысында сегіз ауыл газға қосылады
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 14:18
Орал қаласында жаңа мешіт ашылды
Аймақтар • Бүгін, 14:07
Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Қоғам • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Президент • Бүгін, 13:13
Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді
Референдум • Бүгін, 13:03
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Үкімет • Бүгін, 13:01
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
Сталкинг: Қызылордада бойжеткенді аңдыған азамат 25 тәулікке қамалды
Аймақтар • Бүгін, 12:47
Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:34
Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылды: Қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:17
ҚазҰУ мен Сингапур технологиялық альянс құрды
Университет • Бүгін, 12:09
Шайдоров әлемдік БАҚ назарында
Олимпиада • Бүгін, 12:06
АҚШ елшісі: Дипломаттардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығы артып келеді
Саясат • Бүгін, 11:56