28 Шілде, 2010

Шынайы құттықтау

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25 шілдеде Париж қаласының Елисей алаңында әлемге әйгілі “Тур де Франс” веложарысының соңғы кезеңі өтті. Бас классификация бойынша “Астана” командасының капитаны – испандық велошабандоз Альберто Контадор жеңімпаз атанды. Осыған орай Франция Прези­денті Н.Саркози Қазақстан Прези­денті Н.Назарбаевқа өзінің шы­найы құттықтауын жолдағанын “Са­мұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ бас­қармасының төрағасы Қ.Келім­бе­тов­ке Франциядағы Қазақстан елшісі Н.Дәненовтің қатысуымен өткен жұмыс кездесуі барысында осы ел Президентінің диплома­тия­лық кеңесшісі Жан-Давид Левитт жеткізді. Көпкүндік жарыстың финалдық бөлігіне келген қазақстандық деле­гация да “Астана” командасының тамаша жеңісіне байланысты Фран­цияның спорт істері жөніндегі жауапты хатшысы Рама Яд ха­нымнан, осы ел астанасының мэрі Бертран Деланоеден, Франция велосипед спортының президенті Давид Лаппартиеннен, “Тур де Франс” ұйымдастыру комитетінің бас­шылығынан және француз спорт ұйымдары өкілдерінен құт­тық­таулар алды. Сол күні “Астана” команда­сы­ның бас демеушісі болып табы­латын “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ басшылығы Франциядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен велокоманда мүшелеріне арнап қа­былдау ұйым­дастырды. Оған БАҚ, Фран­цияның қоғамдық-саяси іскер топ­тарының өкілдері қатысты. Ел бас­шылығы атынан қатысушылар ал­дында Қ.Келім­бе­тов сөз сөйлеп, А.Контадорды жеңісімен, ал барлық команданы “Тур де Франс” бәй­гесіне табысты қатысқандары үшін алғыс айтып, құттықтады. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың коман­даға қол­дауы және елдегі вело­спорттың дамуына көп көңіл бөліп отырғаны да баса айтылды. “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ бас­қармасының төрағасы Қ.Келім­бетов Парижде болған кезінде сонымен қатар Францияның іскер топ өкілдерімен де кездесті, деп ха­барлады Сыртқы істер министр­лі­гінің баспасөз қызметі.