Қазақстан • Бүгін, 15:22

Енді қандастар жұмысқа орналасуға міндетті болады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ерікті қоныс аудару қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін жаңа жоба әзірледі. Бұл бастама өңірлердегі еңбек ресурстарының мобильдігін арттыруға және олардың тиімділігін күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді қандастар жұмысқа орналасуға міндетті болады

Соңғы жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, қоныс аударған азаматтардың тұрақтап қалмауы көбіне ресми жұмысқа орналаспаумен байланысты. Бұл өз кезегінде қайта көшуге, әлеуметтік тұрақсыздыққа және жергілікті бюджетке түсетін жүктеменің артуына әкелген. Осыған байланысты жаңа өзгерістер қоныс аударушыларды жаңа өңірлерде тұрақтандыруды көздейді.

Жобаға сәйкес, енді қоныс аударушылар мен қандастар үшін жаңа тұрғылықты жерінде міндетті түрде ресми жұмысқа орналасу талабы енгізіледі. Азаматтар өздерінің жұмыспен қамтылғанын дәлелдеп, тұрақты әлеуметтік аударымдар жасап отыруы тиіс. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар азаматтардың жаңа ортада орнығуына ғана емес, сонымен қатар өңірлік экономиканың дамуына да оң әсер етеді.

Солтүстікке бетбұрыс: Қоныс аударушыларды қолдаудың жаңа форматы қандай?

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 2026 жылғы 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды. Осы уақыт аралығында барлық мүдделі тараптар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіре алады. Талқылау аяқталған соң жоба толықтырылып, бекітуге жіберіледі.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай талаптар қоныс аударушылардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, олардың жаңа орынға бейімделуін жеңілдетеді. Сонымен қатар бұл бастама өңірлердің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға да ықпал етуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар