2026 жылдан бастап бағдарламаға бірнеше жаңалық енгізілді. Ең бастысы, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және ғылыми жобалардың I-III орын иегерлері «бакалавриат» санатына қатыса алады. Сонымен қатар атом энергетикасы саласы бойынша жеке бағыт ашылды, ал «Жасанды интеллект» бағыты бойынша кәсіби тағылымдамаларға бөлек санат бөлінді.
2026 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 635 стипендия бөлінді: бакалавриат – 20, магистратура – 400, докторантура – 50, кәсіби тағылымдамалар – 165. Басым мамандықтар тізбесі мемлекеттік органдардың сұранысына және экономикадағы кадрлық қажеттілікке сай қалыптастырылды.
Түркияда білім алып жатқан қазақ жастары референдумға белсенді қатысты
Бағдарламаға қатысу үшін жоғары оқу орындарының тізімі жаңартылып, өз саласында жетекші университеттер қосылды. Сондай-ақ ғылыми тағылымдамаларға арналған жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың тізімі ұсынылған. «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасына құжат қабылдау 16 наурыздан 30 қазанға дейін жүргізіледі. Құжаттар egov.kz арқылы немесе Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70 мекенжайында орналасқан «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесінің 5-қабат, 508-кабинетінде (қолма-қол) қабылданады. Басқа қаладан келген үміткерлер сенімхат арқылы тапсыра алады.
«Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында қазақстандық ғалымдардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. 2026 жылы ғылыми тағылымдамаларға 250 стипендия бөлінді. Бағдарлама оқу ақысы, медициналық сақтандыру, визалық рәсімдер, ұшақ билеттері және оқу материалдарын сатып алу шығындарын, сондай-ақ ай сайынғы стипендияны қамтиды.
Үміткерлерге қойылатын талаптар, басым мамандықтар тізімі, университеттер мен ғылыми орталықтар туралы толық ақпаратты bolashak.gov.kz сайтынан көре аласыздар.
Қазақстанда алғаш рет өңірлік білім беру – өндірістік кластері іске қосылды
Барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 76-90-76 (ішкі 110, 112, 113, 114, 115, 301) нөміріне хабарласуға болады.