Медицина • Бүгін, 15:51

Қызылшаға қарсы екпе медицина қызметкерлеріне де салынатын болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылшаға байланысты қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейтті, деп жазады Egemen.kz.

Қызылшаға қарсы екпе медицина қызметкерлеріне де салынатын болды

Фото: egemen.kz/Қырмызы Жұмағалиқызы

Жағдай тұрақталғанға дейін 6-10 айлық балаларды қосымша иммундау енгізілген. Сондай-ақ бұрын екпе алмаған 2-5 және 7-18 жастағы балалар мен 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерін де вакцинациялау ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылған ұжымдар мен әскери бөлімдерде вакцинацияланбаған адамдарды уақытша шеттетуді қоса алғанда, жоспарлы емдеуге жатқызуға және эпидемияға қарсы режимге қойылатын талаптар күшейтілген.

Ораза кезінде екпе салдыруға рұқсат па?

Министрлік қабылданған шараларды іске асыру қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетіп отырғанын мәлімдеді.

«Алдыңғы аптамен салыстырғанда (417 жағдай) қызылша тіркелу жағдайлары 311-ге дейін төмендеді. Төмендегеніне қарамастан, эпидемиологиялық жағдай әлі тұрақты емес. Қызылша дерегінің ең көбі Астана қаласында тіркелді – 81 жағдай, Алматы қаласында – 48 жағдай, Алматы облысында – 57 жағдай, Батыс Қазақстан облысында – 29 жағдай, Атырау облысында – 57 жағдай және Қостанай облысында – 57 жағдай. Науқастардың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі екпе алмаған балалар құрайды», делінген министрлік хабарламасында.

Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады

2026 жылдың басындағы жағдай бойынша қосымша иммундаумен 6-11 айлық 36,7 мың бала, жоспарлы вакцинациялаумен 1 жастағы 21,4 мың бала (6,7%) және 6 жастағы 17 мың бала (4,7%) қамтылған.

Министрлік ахуалға мониторинг жүргізуді және ден қою шараларын үйлестіруді жалғастырып жатыр. 

Алматыда 12 мыңнан астам қыз балаға жатыр мойны обырына қарсы екпе жасалды

Соңғы жаңалықтар