Қазақстан • Бүгін, 08:17

Жаркент мешіті мен Вознесенск шіркеуі әлемдік мұра нысанына енеді

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өткен V отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Жаркент мешіті және Вознесенск шіркеуі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысандарының алдын ала тізіміне енгізілді (Tentative List). Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Жаркент мешіті мен Вознесенск шіркеуі әлемдік мұра нысанына енеді

Сурет: yandex.kz

Оның айтуынша, Жаркент мешіті ХІХ ғасыр соңындағы діни сәулет өнерінің бірегей ескерткіші саналады. Сонымен қатар оны ислам сәулет дәстүрі мен Шығыс Азия құрылыс өнері синтезінің жарқын мыса­лы
деуге болады.

Инженерлік және көркемдік әдіс-тәсілдерімен танымал болған Вознесенск шіркеуі – ХХ ғасырдың басындағы православ ағаш сәулет өнерінің озық үлгісі.

«Бұл нысандардың тізімге бірге ұсынылуы елімізде мәдени әралуандықтың бар екенін аңғар­тады. Сондай-ақ Орталық Азия аймағында ислам және хрис­тиан дәстүрлерінің үйлесімді түрде қатар дамығанын, бір-біріне ық­пал етудің тарихи тәжірибесі қалып­тасқанын көрсетеді. Мешіт пен шір­кеудің алдын ала тізімге енгі­зілуі – Қазақстанның мәдени мұраларын сақтау және оларды дәріптеу ісінің маңызды кезеңі. Бұл қадам ЮНЕСКО-ның рәсімдері мен талаптарына сәйкес номинация құжаттарын әзірлеуге негіз болады», деп жазды Е.Қарин.

 

Соңғы жаңалықтар

Елдік тұжырымдама

Пікір • Бүгін, 08:50

Ғасыр үні жаңғырған кеш

Руханият • Бүгін, 08:30

Тұрғындар түйткілін кім шешеді?

Аймақтар • Бүгін, 08:20

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:10