Оқиға • Бүгін, 21:30

Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты

Оқиға 2026 жылғы 13 наурызда бір сауда үйінің автотұрағында болған. Тергеу мәліметінше, ер адам мас күйінде болып, көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңілі толмай, жедел жәрдем бригадасымен сөзге келіп қалған. Кейін ол агрессия танытып, фельдшерді соққыға жыққан. Ауыр жарақаттар тіркелмеген.

Сот процесінде айыпталушы өз кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырусыз жаза сұраған. Ал жәбірленуші қатаң жаза тағайындауды талап етті. Прокурор 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруды ұсынды.

Алматыда жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Соттың мәліметінше, айыпталушы бұрын сотталмағанымен, қоғамдық тәртіп бұзғаны және қоғамдық орында алкоголь ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке бірнеше рет тартылған. Жеңілдететін жағдай ретінде оның өкініш білдіруі ескерілсе, ауырлататын фактор ретінде оқиға кезіндегі мас күйі танылды.

Нәтижесінде сот оған 1 жыл 6 ай мерзімге, қауіпсіздігі төмен мекемеде жазасын өтеуді белгіледі. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, соңғы жылдары медицина қызметкерлеріне қарсы зорлық жағдайлары жиілеп отыр. Бұған дейін де Қазақстанда дәрігерлерге шабуыл жасау фактілері тіркеліп, бұл мәселе қоғамда үлкен резонанс тудырған.

Осыған байланысты мемлекет медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін күшейту шараларын қабылдап, заңнамаға өзгерістер енгізіп, оларға қарсы әрекет үшін қатаң жаза қарастыруды қолға алған.

Соңғы жаңалықтар