Аймақтар • Кеше

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласында Ертіс өзені арқылы салынып жатқан ерекше көпірде тағы да өрт шықты. Бұл – жыл басынан бері осы нысанда тіркелген екінші өрт жағдайы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты

фото: ТЖМ

Оқиға 21 сәуір күні кешке болған. Құтқару қызметіне түскен хабарлама бойынша, көпірдің 4-іргетасында оқшаулағыш материалдар мен ағаш қалып элементтері тұтанып кеткен. Өрт шамамен 30 метр биіктікте басталған.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер қиын жағдайға қарамастан, жалынды жедел түрде бақылауға алып, 160 шаршы метр аумақтағы өртті толық сөндірген. Ең бастысы – жалынның көпірдің негізгі құрылымына таралуына жол берілмеген.

Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды

Айта кетейік, бұл нысан биыл 31 қаңтарда да өртенген болатын. Сол кезде де өрт дәл сол 4-іргетас бөлігінде тіркелген.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.

Автокөлік көпірінің құрылысы 2024 жылдың мамыр айында басталған. Бұл жоба Ертіс өзені арқылы өтетін, 60 жылдан астам уақыт пайдаланылып келе жатқан ескі өткелдің орнына салынып жатыр. Жобаның құны ондаған миллиард теңгемен бағаланады.

ҚазАвтоЖол мәліметінше, бұл көпір еліміздегі алғашқы экстрадозды құрылым болады. Ол бірінші санаттағы автожол талаптарына сай салынып, төрт жолақтан тұрады (әр бағытта екі жолақтан).

Алматыда тұрғын үй өртінен төрт адам құтқарылды

Құрылысты осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бұған дейінгі мәліметтерге сәйкес, құрылыс басталғалы бері техникалық ақаулар немесе бақылаушы органдар тарапынан ескертулер тіркелмеген.

Соңғы жаңалықтар