22 сәуір күні қозғалыс кезең-кезеңімен шектеледі:
– 08:00–11:00 аралығында Қабанбай батыр даңғылы EXPO бағытына қарай жабылады;
– 10:00–13:00 аралығында Мәңгілік Ел даңғылы EXPO аумағында шектеледі;
– 12:00–14:00 аралығында Түркістан көшесі мен Сығанақ көшесі қозғалысы шектеледі;
– 17:00–19:30 аралығында EXPO аумағынан қонақүйлер бағытына шығу уақытша тоқтатылады.
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
23 сәуір күні жүктеме ең жоғары деңгейге жетеді, сондықтан шектеулер таңертең 07:30-дан бастап енгізіледі. Бұл күні де қаладағы негізгі бағыттарда қозғалыс уақытша жабылады.
Қала билігі тұрғындардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруді сұрайды.