Қоғам • Бүгін, 17:46

Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өмір бойы регресс төлемдерін тек бюджеттен қаржыландыру мүмкін емес, сондықтан аралас модель қарастырылып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?

Фото: Depositphotos

Министрдің айтуынша, регресс төлемдері мәселесі жиі кәсіподақтар тарапынан көтеріледі, осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылып, өмір бойы төлемдерді қамтамасыз ету жолдары талқыланып жатыр.

«Барлығын тек бюджеттен төлеу мүмкін емес. Мұнда сақтандыру компаниялары, жұмыс берушілер және зейнетақы қоры қатысуы тиіс. Әрине, бюджет те араласуы керек. Біз дәл осы аралас моделді ұсынып отырмыз», деді Аскарбек Ертаев.

Министр сондай-ақ жұмыс берушілер мен сақтандыру компаниялары балама ұсыныстарын дайындау үшін қосымша уақыт сұрағанын айтты. Бірінші кездесу кәсіподақтар, жұмыс берушілер және сақтандыру компаниялары арасында өтті, екінші кездесу осы аптада жоспарланған.

Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады

Сақтандыру компаниялары мен жұмыс берушілердің есептері ай соңына дейін ұсынылуы тиіс. Еңбек министрлігінің дерегінше, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы соңғы есеп нұсқасын дайындаған, алайда ведомствоға әлі түспеген.

Жұмыс тобы кейін бұл мәселені Үкімет деңгейіне шығарып, біртұтас шешім қабылдауды қарастырады, әзірге нақты келісім жоқ.

Регресс төлемдері – қызметкерге еңбек міндеттерін орындау барысында (өндірістік жарақат немесе кәсіптік ауру) келген денсаулыққа зиян үшін төленетін қаржылық өтемақы.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда еңбек өтіліне байланысты ерте зейнетке шығуды енгізу ұсынылған. 

Соңғы жаңалықтар