Қоғам • Бүгін, 08:05

Береке – бақыттың кілті

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қасиетті Рамазан айы кірді. Бұл ай берекеге толы дейді ислам ғалымдары. Береке дарымаған өмірдің мәні болмайды. Береке – өміріміздің барлық саласына қажет. «Берекелі болса ел, Жағасы жайлау ол бір көл...» дейді Абай атамыз.

Береке – бақыттың кілті

Сурет: zh-shugylasy.kz

Мысырлық үлкен ғалым Шабақ әл-Әлука өзінің «Берекенің маңызы» атты кітабында «Береке – игіліктің орнығуы. Егер береке аз нәрсеге дарыса, ол көбейеді, көп нәрсеге дарыса, пайдалы болады. Берекесі жоқ нәрсенің еш мәні болмайды», дей отырып, берекенің маңызын бес топқа жіктеп түсіндірген екен.

  1. Өмірдегі береке. Біз тұрмыстың барлық түрінде, үйімізден бастап, отбасы, тамақ, сусын, жұмыс, қаржы, білім, уақыт пен өміріміздің әрбір бөлігіне дейін берекеге мұқтажбыз. Береке ақша, уақыт, ризық немесе денсаулық болуы мүмкін. Адам өміріндегі берекенің маңызы – игілік пен жақсылықтың артуы һәм пайда әкелуі, отбасындағы татулық һәм сыйластық.
  2. Уақыт берекесі. Бұл – аса маңызды дүние. Уақыттың берекесін игерген адам өмір сүрудің жақсы дағдысын қалыптастыра алады. Мысалы, кейбір адамдар 10 сағат ұйықтаса да демал­майды, ал кейбіреулер 5 сағат ұйық­тап оянғанда өзін сергек сезінеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) таңғы уақытта береке бар деген. Бұның мағынасы – осы уақытта адам көп жақсы нәрсе жасай алады деген сөз.
  3. Ризықтағы береке. Бұл ризықтың жеткілікті болуы. Мысалы, кейбір адамдар мол табыс табады, бірақ айдың соңында қарыздар болып қалады, ал біреулер аз табыс тапса да, сол табысы өмір сүруге жетеді. Берекелі ақша деге­ні­міз – аз қаражатпен көп нәрсе жасау.
  4. Білімдегі береке. Сіз оқыған һәм игерген біліміңізді пайдаланып, сол арқылы тыныш һәм қадірлі өмір сүрсеңіз, бұл – берекелі білім. Шын мәнінде, берекелі білім – пайда әкелетін білім, ал пайдасыз білім берекесіз болады.
  5. Үйдегі береке. Бұл үйдің кең немесе жайлы болуы емес. Кейбір үлкен үйлерде береке жоқ, ал шағын үйлерде береке көп болады. Үйде береке болғанда, ол жерге періштелер кіреді, шайтан олардан қашады. Сол үйде қайыр мен жақсылық көп болады.
Соңғы жаңалықтар

Тәлімбақтар тапшылығы

Аймақтар • Бүгін, 09:05

Қыз мінезді қыс

Пікір • Бүгін, 09:00

Ет экспортына талап жоғары

Экспорт • Бүгін, 08:50