Қоғам • Бүгін, 09:42

Билет сатып аларда сақ болыңыз: Ішкі істер министрлігі азаматтарға ескерту жасады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі азаматтарға концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билет сатып алу кезінде барынша мұқият болуды ескертеді. Өйткені интернет кеңістігінде билет сату немесе алып-сату бойынша алаяқтық әрекеттер жиілеп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Билет сатып аларда сақ болыңыз: Ішкі істер министрлігі азаматтарға ескерту жасады

Ведомствоның хабарлауынша, желіде жалған хабарландырулар мен делдалдар арқылы ұсынылатын күмәнді қызметтер көбейген. Алаяқтар билет алып беруге «кепілдік» ұсынып, оларды қымбат бағада сатуы немесе жалған билеттер таратуы мүмкін. Нәтижесінде азаматтар ақша аударғанымен, билеттерін ала алмай жатады.

Алаяққа алданған жағдайда ақшаны қайтару мүмкін бе?

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі тұрғындарды қырағы болуға шақырады. Концерттер мен өзге де іс-шараларға билеттерді тек ресми және сенімді көздерден сатып алу ұсынылады. Сондай-ақ бейтаныс адамдарға ақша аударудан бас тарту қажет. Мұндай сақтық шаралары алаяқтықтың алдын алуға көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар