Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда «Алиса» орнатылған смарт-құрылғылардың таралуы да көбейген. Қазіргі таңда ел бойынша бір миллионнан астам ақылды станция қолданыста. Бұл – шамамен әр алтыншы үйде осындай құрылғы бар деген сөз.
Ақылды құрылғылар ең көп тіркелген қалалар бестігіне Алматы, Астана, Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе кіреді.
STEM зертханасы: Жаркенттік оқушылар 3D технологиясы мен ІТ-бағдарламалауды меңгерді
Биылғы жылдың басынан бері Қазақстандағы «Алиса» ассистентінің күнделікті аудиториясы 18 пайызға ұлғайған. Қолданушылар оны көбіне «ақылды үйді» басқару, музыка тыңдау және білім алу мақсатында пайдаланады. Әсіресе оқушылар мен студенттер үшін күрделі тақырыптарды түсіндіруде көмекші құралға айналып отыр.
Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекеновтің сөзінше, қазақ тіліндегі сұраныстың артуы ІІ технологиялардың халыққа жақындай түскенін көрсетеді.
Астанада 13 елден келген студент ЖИ технологиялардың заң жүйесіне әсерін зерттеді
Айта кетейік, «Алиса» орнатылған смарт-станциялар еліміздегі ірі электроника дүкендерінде, сондай-ақ брендтің ресми дүкені мен онлайн алаңдарда кеңінен сатылымда бар.