Қоғам • Бүгін, 09:40

Интернет-алаяқтық көрсеткіші 15 пайызға төмендеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылдың I тоқсанында интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстарды тіркеу жылдық есепте 15 пайызға азайған. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Интернет-алаяқтық көрсеткіші 15 пайызға төмендеді

Құзырлы органның мәліметінше, соңғы төрт жылдыққа аталған көрсеткіште алғаш рет төмендеу байқалып, жыл басынан бері қылмыстық жағдайлар 5,3 мыңды құраған. Өткен жылдың I тоқсанында өсім 23 пайыз болса, ал жыл қорытындысы бойынша 26 пайыз өсім тіркелген болатын.

Полиция инвестициялық алаяқтықтың қауіпті схемалары туралы ескертті

Мамандардың пікірінше, қазіргі төмендеуге негізінен онлайн-қарыз рәсімдеу арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтың азаюы әсер етіп отыр.  Себебі мұндай жағдайлар бір жылда үш есе қысқарған. Сондай-ақ интернетте қызмет көрсету туралы жалған хабарландырулар арқылы жасалатын алаяқтық 20 пайызға азайып, 1,1 мыңға тұрақтаған. Ал жалған банк атынан SMS жіберу арқылы жасалатын алаяқтық деңгейі өзгермей, 1 мың жағдай деңгейінде қалып отыр. Айта кету керек, дәл осы алаяқтық түрі өткен жылы жалпы көрсеткіштің өсуіне ең көп әсер еткен.

Тәулігіне 690 доллар табыс: Электросамокат арқылы жасалған алаяқтық әшкере болды

Бас прокуратура дерегінше, тіркелген 5,3 мың интернет-алаяқтықтың 721-і бойынша іс аяқталған, оның ішінде 634-і сотқа жолданған.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар