Энергетика министрлігінің мәліметінше, жыл соңына дейін болжамды көрсеткіш 15,4 миллион тонна деңгейінде белгіленген. Аталған өндіріс құрылымында әлеуметтік маңызы бар отын түрлері негізгі орын алып, бензин 1,6 миллион тоннаны, ал дизель отыны шамамен 1,5 миллион тоннаны құраған.
Нарықтың ағымдағы қажеттіліктерін қамтамасыз етумен қатар, салаға жауапты министрлік елдің мұнай өңдеу әлеуетін түбегейлі арттыру бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруға кіріскен. Осы бағытта жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын кеңейту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Павлодар мұнай-химия зауытының қуаттылығын 5,5-тен 9 миллион тоннаға дейін, Шымкент зауытының қуатын 6-дан 12 миллион тоннаға дейін, ал Атырау мұнай өңдеу зауытының қуатын 5,5-тен 6,7 миллион тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Парсы шығанағындағы соғыстан мұнай экспорты 44 пайызға құлдыраған
Сондай-ақ бүгінде елімізде қуаттылығы жылына 10 миллион тонна болатын жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жобасын жеделдетіп іске асыру шаралары қабылданып жатыр.
Нұрболат АМАНБЕК