Фото: Depositphotos.com
Кабинетте денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында ел тұрғындары амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде кепілдендірілген дәрі-дәрмек пакетін ала алады. Биыл бұл сервис жеке дәріханаларда қосымша төлем механизмі арқылы қолжетімді болады.
Сонымен қатар, отандастарымызға медициналық қызметтерге ваучерлер беріле бастайды.
«Дәрі-дәрмекті беру жүйесіне қосымша медициналық қызметтерге ваучер алу мүмкіндігі қарастырылып отыр, бұл медициналық көмек алу процесін азаматтар үшін одан әрі ашық әрі ыңғайлы етеді», делінген хабарламада.
Саланы цифрландыру кезең-кезеңімен жүргізіледі. Негізгі мақсат – ел тұрғындарына нақты тиімділік көрсету және дәрігерлердің жүктемесін азайту.
Сонымен қатар, биыл «Әлеуметтік әмиян» жобасы мемлекеттік қолдау шараларының тағы 10 түріне кеңейтілетіні белгілі болды.