Фото: istockphoto.com
Жаңартылған Салық кодексіне сәйкес, мұндай автокөліктер үшін мөлшерлеме енді 117 АЕК-ті құрайды. Бұған дейін 4 литрден асатын көлік иелері 100 АЕК төлеп келсе, енді салық бірден 17%-ға өскен.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (4 325 теңге) мөлшерін ескерсек, 4 литрлік және одан да үлкен қозғалтқышы бар автомобильдер үшін жылдық салық сомасы енді 506 025 теңгені құрайды.
Кейбір жүргізушілер үшін автосақтандыру құны арзандайтын болды
Бұл өзгеріс ірі жол талғамайтын көліктердің, қуатты седандар мен қозғалтқыш көлемі үлкен премиум модельдердің иелеріне тікелей әсер етеді. Дегенмен, көлік салығын есептеудің негізгі қағидасы сақталған: мөлшерлеме қозғалтқыш көлеміне байланысты және АЕК бойынша есептеледі.
Көлік нөмірін таңдау: 5 қаңтардан бастап кез келген әріп пен санды сатып алуға болады
Жаңа ережелер жыл басынан бастап күшіне енді және ағымдағы салық кезеңі үшін төлемдерді есептеу кезінде қолданылады.