Алғашқы трансплантация 41 жастағы әйел адамға жасалды. Реципиенттің ағасы донор болып, бүйрегін берді. Осы күні 20 жастағы жігіттің де бүйрегі ауыстырылды. Донор науқастың 54 жастағы анасы болды. Үшінші отадағы 43 жастағы әйелге ері бір бүйрегін беріп отыр.
Трансплантацияны Қызылорда облыстық көпбейінді облыстық ауруханасының бас дәрігері, трансплантолог, PhD Жасұлан Баймаханов, бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары, PhD Ербол Серікұлы және «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ трансплантологтары Ернұр Белгібаев, Елшат Нәбиевтің командасымен бірлесіп жасады. Қазір сәтті өткен отадан кейін науқастар тиісті ем қабылдап жатыр.
Бұған дейін осы ауруханада 8 рет бүйрек, 1 бауыр алмастыру отасы сәтті жасалған.